1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту



бет37/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

31)Бағдарлы білім беру
Бағдарлы білім беру – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғарғы буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғарғы сатысы мен орта және жоғарғы кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.
Бағдарлы оқыту оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге және олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін оқыту процесін саралау мен даралау құралы болып табылады. Соған сәйкес:
- жалпы орта білім бағдарламасының жеке пәндерін тереңдете оқытуды жүзеге асырады;
- білім мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке білімдік траекториясын құруға жағдай жасайды;
- жалпы орта және кәсіби білім арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғарғы оқу орнында білімін жалғастыруға дайындауды қамтамасыз етеді;
Бағдарлы оқыту моделі әр түрлі оқу пәндерінің біріктірілген түрінің негізін құрайды. Бұл жүйе базалық жалпы білім беретін бағдарлы және элективтік курстардың жүйесінің негізінде жасалуы тиіс. Бағдарлы оқыту концепциясы мына¬лардан тұрады: физика-математикалық, жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік- экономикалық, гуманитарлық, филологиялық, ақпараттық-технологиялық. Бағдарлы оқытудың жалпы білім беретін пәндері бойынша негізгі құрамы оқушылардан жоғарғы сатыда күрделі материалдарды оқып үйренуге, сол арқылы бағдарын анықтауға негіз болады.


32) Білім мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары
33) Жобалау-ізденушілік және коммуникативтік біліктілік
Бейінді оқытудың мақсаты мен міндеттері қалаған бағдарына сәйкес жалпы орта білім көлемінде пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету мектептегі білім берудің вариативтігі мен жеке тұлғаға бағытталуын қамтамасыз етуоқушыларға білім мазмұнының маңызды элементтері мен оны оқу үрдісінің формаларын таңдауға мүмкіндік беру оқу үрдісінің іс-әрекеттік компонентін жетілдіру (жобалау-ізденушілік және коммуникативтік біліктілік) жеке қабілеті мен қажеттіліктеріне сәйкес әр түрлі әлеуметтік категориядағы оқушылардың жалпы орта білім алуына бірдей мүмкіндік жасау білім беру процесінде бейіндік және деңгейлік оқуға жағдай жасау; орта мектеп түлектерін барынша жоғарғы оқу орындарында оқуға дайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет