1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері



бет3/58
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

2) Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Мақсат – жас ұрпақтың тәрбиесіне біріңғай көзқарас қалыптастыру, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру және сабақтастықты қамтамасыз ету.
Міндеттер:
• жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуін актуалдандыру;
• тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастыру-шылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру;
• балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;
• жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
• жас қазақстандықтарды толераттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
• балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;
өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.


3) 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері
Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болған да осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді. 12 жылдық білім берудің методологиялық негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:
— мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің серпінді құрылымымен сәйкес келтіру;
— оқушылардың өз бетінше білім алуға және оны практикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;
— әрбір жас кезеңіндегі негізгі психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;
— оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану.
Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттерді жүктейді:
— оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;
— оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;
— оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру;
— білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;
— психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру;
— білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету;
— оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет