11) Бейінді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек? Бейінді-бағдарлы оқыту жүйесіне қалай көшу керек? Қазіргі кезде әр мұғалім, мектеп басшылығы, аудандық оқу бөлімі немесе облыстық білім департтаменттері бұрынғыдай тек қана жоғарғы жақтың нұсқауын, бұйрығын орындаушы деңгейінде қалуларына болмайды. Себебі, қоғам дамуының бұл кезеңінде жоғарғы жақ бұрынғыдай атқарылуға тиісті жұмыстың бүге-шігесіне дейінгі нақтылап беріп әр қызметкерді тек қана мүлітіксіз орындаушы, деңгейінде пайдаланбайды, құқықтық непзін қалыптастырады. Ал, әр облыс, аудан теп осы құжаттрар аясында қандаи-да мәселенің іске асу жағдайын өз бастарымен көптеген жергілікті жағдайларды ескере отырып іс жүзіне асыруға тиісті. Себебі, бейімді-бағдар-лы оқытудың мақсаты: оқушылардың қызығушылық бағытын, қабілетін, келешекте ие болуға тиісті мамандыққа бейімделуін қанағаттандыру немесе басқа сөзбен айтсақ жеке тұлғаға бағытталған яғни оқытуды дифференциялау және ин-дивидуализациялау. Бейімді-бағдарлы оқыту жағдайы да осындай жүйеге негізделген. Ал міндеттері: бірнеше пәнді қандай-да деңгейде тереңдетіп оқыту оқушылардың жеке қабілеттерін оқыту барысында жан-жақты ескеру орта және жоғарғы білім салаларының сабақтасты-ғын жетілдіру. Демек, мектеп басшылығы, мектеп ұжымы мынаңдай мәселелерді өз беттерімен шешуге тиісті.мектептің жоғарғы сатысының бейімі сыныптың бағдары жұмыстың оқу жоспары қолданбалы курстардың бағдарламасы, мазмұны таңдау курстарының бағдарламасы, мазмұны сынып окушыларын топтарға белу т.б. Әрине, бұл мәселелерді бірден әр мектептің өз бетімен сапалы түрде шешіп кетуі де оңай емес. Сондықтан да осы орайда мен де өз білгеніммен бөліспекпін. Бейімді-бағдарлы оқытуға көшудің әдістемесі, алгоритмі қандай? Мұнда мен Қазақстаңцағы білім стандарттары, бейімді-бағдарлы оқыту мәселелерін шын мәнінде зерттеуші саусақпен санарлық ғалымдардың бірі Сәулеш Дімкешқызы Мұқанованың пайымдауларымен толық келісемін және ол кісінің кейбір пункттеріне өз тұжырымдарымды қоса отырып педагог-мамандарға ұсынамын. I. Мектептің жоғарғы сатысының әсіресе оның 10-шы сы-ныбының бейімі анықталуға тиіс. Жоғарыда айтқандай қазірше яғни 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкенге дейін бейімді-бағдарлы оқытудың екі бағыты айқындалып отыр. Олар қоғам-дық - гуманитарлық және жаратылыстану - математикалық пәндерді бейімдеп оқыту (12 жылдық оқытуда жаратылыста-ну - математикалық бейімнен технологиялық бейім өз алды-на бөлініп шықпақшы).