1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


)12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, құзыреттік тұрғылар



бет20/56
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198478
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

7)12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, құзыреттік тұрғылар
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке енуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы- шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеп шығару. Осы тұрғыда қазіргі кезде ел болашағы азаматтарының қызметтік және мәдени сауаттылық, яғни құзіреттілік деп аталатын білімділіктің жаңа деңгейіне шығуына жағдай жасау міндеті тұр. Ал құзырлылық, құзыреттілік дегеніміз 12 жылдық біліммен тікелей байланысты. Себебі 12 жылдық білім беру жағдайында оқушы тек қана білім алушы ғана емес, сонымен қатар: - Ізденуші - Зерттеуші - Басқарушы - Ұйымдастырушы - Кеңесші - Үйлестіруші дербес тұлға. Сондықтан да 12 жылдық мектепте құзіреттілік тәсіл жаңа тәсіл болып табылады. Тәуелсіз еліміз іргелі, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ілігеміз деп ұмтылып жатқанда, сол мақсатты болашақта жүзеге асыратын ұстаз ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық қабілетті мол тұлға болумен қатар ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын,оқу тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі бола білуі тиіс
12 жылдық білім беруде әр мұғалім баламен жұмыс жасауда, яғни жүргізілген әр сабағын жаңаша өткізуге оқушының пікірін бақылап олардың өзіндік шешім шығара білуіне көп ықпал жасайды. Қай кезде де, қандай да болмасын өзгерістер мен жаңалықтарды іске асыруда өмірге қолдануда алғашқы кезекте бар жауапкершілік бастауыш мектепке жүктеледі. Абылай ханның сөзімен айтсақ: «Білекке сенген заманда бабаларымыз ешкімге есе бермегенде» бүгінгі білімге сенген заманды білімді ұстаз жаңа ұрпақ болып қапы қалмаймыз» деп ойлаймын. 12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымдық өзгеруіне терең бойлап, оның әдіснамалық тұрғыда күнделікті тәжірибеде көрінуін талдау – білім беру саясатының маңызды бағытына айналуда. Осыған сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мен кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар жаңа сипатқа ие болуда. Білім беру жүйесінің қайта құрылу үрдісінде жағымды сипаттамалар мен кедергілер де бақылануда. 12 жылдық білімге көшу қазіргі мұғалімнен объективті жаңа нәтижемен сипатталатын ойлау қабілетін қажет етеді. Педагогикалық іс – әрекеттің шығармашылық бағыттылығы мұғалім қызметіне төмендегідей талаптар қояды: 1) Өзінің әлсіз және мықты жақтарын жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай білуі керек, 2) Интеллектуалды әркеттің жалпы мәдениетін, тіл табысу мәдениетін игеруі тиіс; 3) Болып жатқан интеграциялық үрдістерден, әлемдік білім кеңістігінің даму тенденцияларынан хабардар болуы тиіс. Кез келген инновациялық үрдіс экспериментті жүргізу арқылы болжанады, яғни білім мониторингісі инновациялық білім беру технологияларын қолдану, білім беру құрылымын және мазмұнын жетілдіру, мақсатты белгілеу, басқару, ұйымдастыру тәрізді білім беру үрдісіндегі жетекші үрдістерді өзгерту арқылы дамытудың оңтайлы жолдары мен білім берудің жаңа сапасына жету жолдары (педагогтің ақпаратты таба білуі, таңдай білуі және талдай білуі, өз бетімен жұмыс жасау қабілеті, белсенділік танытуы, т.б.) анықталады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет