10) Бейінді оқытуда элективті курс мазмұнын құрылымдау технологиясының аналитикалық, конструктивтік кезеңдері Негізгі мектеп үшін таңдамалы курстардың және орта (толық) мектеп үшін элективті курстардың мазмұндары бір сызбанұсқада өрнектеледі. Онда уақытты әр сағатқа бөлу және тақырыптардың рефераттық мазмұндары берілген. Алайда әртүрлі бағдарламалардағы бұл бөлімнің толықтырылуы әртүрлі болады, өйткені негізгі мектептегі таңдамалы курстар мен орта мектептегі элективті курстар мазмұндары бойынша ерекшеленеді.9-сыныптың таңдамалы курсының мазмұны оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай болуы және олардың оқу сарынын жетілдіру керек. Бұл оқушылардың орта мектептегі бейіндік оқыту түрін таңдауына көмектеседі. Курстың мазмұны мынадай болуы мүмкін:базалық оқу пәнінің қандай да бір бөлімінің кеңейтілген, тереңдетілген нұсқасы («Мұхиттар», «Халықаралық қатынастар», «Механика» және т.б.);берілген пәнмен қоса жүретін ғылым немесе мамандыққа кіріспе (астрономия, археология, журналистика және т.б.);бір немесе бірнеше пәндердің әртүрлі бөлімдерінің байланыстылығы.
Бұл курс тек бір шығармашылыққа негізделген болса (физикадағы, химия, биологиядағы тәжірибелер, ақпараттың негізгі көздерімен жұмыс) және жалпылаудың анықталған бір түріне бағдарланып жасалса жүзеге асады.Жоғарғы сыныптағы элективті курстардың мазмұны оның типіне байланысты. Өздеріңіз білетіндей, элективті курстар пәндік және пәнаралық болып бөлінеді. Пәндік элективті курстарды бірнеше топқа бөлуге болады:Жетілдірілген деңгейдегі курстар, бұл әртүрлі оқу пәнін бағыттау және тереңдетуге арналған курс (бұл элективті курсты таңдағанда пәнді бейіндік ғана емес, тереңдетілген деңгейде оқу жүзеге асады);Берілген бағдарламаларда міндетті деп саналатын пәндердің жеке бөлімдерін тереңдетіп оқитын курстары;Міндетті бағдарламаларға кірмейтін пәннің жеке бөлімдерінің тереңдетіліп оқытылуы;Қолданбалы элективті курстар, мұнда оқушыларды алынған білімдерін практикада қолдану жолдарымен және әдістерімен таныстыру, олардың қазіргі заманғы техника мен өндіріске қызығушылықтарын арттыру жүзеге асады;Табиғат тануды оқытудың әдістеріне арналған курстар;Ғылым, техника, өнер, аңыз тарихы туралы курстар;Әртүрлі есептерді шығару әдістерін оқыту курстары (математикалық, физикалық, химиялық, биологиялық т.б.), физикалық, химиялық, биологиялық эксперимент негізінде есептер құрастыру және шешімін табу.Күнтізбелік-тақырыптық жоспары қамтиды:бөлім тақырыбы;әр тақырыпты меңгеруге кететін сағат саны;білім беру түрі.Әдістемелік нұсқаулар, элективті курстардың бағдарламалық міндетті емес бөлігі болып табылады және олар қысқа мазмұнды болып келеді. Оған кіретіндер:әр бөлім немесе тақырып бойынша маңызда компонент мазмұны;қабылдау және білім беру, тәрбиелеу процесі организациясының сипаты, білім беру формасы;дидактикалық материалдар.Элективті курстардың бағдарламаларымен жұмыс жасау барысында мұғалімдерге қойылатын шарттарға емес, осы әдістемелік ұсыныстарға назар аударған жөн.
Ұсынылатын әдебиеттер, бағдарламаның соңында біріңғай тізім немесе мұғалім мен оқушы үшін бөлек берілуі мүмкін. Мұндай тізімді құрастыру үшін, ол әдебиеттердің мектепте жан-жақтылығына мән беру керек. Мұғалім немесе оқушының, аз тиражымен басылып шыққан XX ғ. 50 жылдары жарық көрген әдебиетті табуы қиынға соғуы анық.
Дәстүрлі оқу курстарының бағдарламаларына оқушының дайындық деңгейіне байланысты шарттар және бағалау мен оқушы іс-әрекетін бақылауға арналған ұсыныстар енеді.
Элективті курс сабақтарын ұйымдастыру кезінде оқытудың тек дәстүрлі әдістерін қолдану жеткіліксіз, қазіргі заман білім беру жүйелері мен оқыту технологиялары қажет екендігі бүгінгі күні баршаға мәлім.
Бейінді элективті курс әдістемесін жасау кезінде, оқушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерінің ашылуына, олардың өздігінен жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінді. Сабақта оқушыларға базалық курстан таныс сұрақтар қолданылып, оларды толықтырып, тереңдету арқылы білімдерін кеңейту мәселесіне баса көңіл аударылды. Оқушылардың оқуға деген жағымды мотивациясын тудыру үшін терең ой толғаныстарын қажет етпейтін материалдарды қолданып, логикалық ойларын дамытып, салыстырмалы түрде жауап беруге итермелейтін материалдарды пайдаланудың тиімділігі педагогикалық-психологиялық тұрғыдан дәлелденді. Көздеген нәтижеге жетуді қамтамасыз ету үшін күрделілігі әртүрлі материалдар мен тапсырмалар қолданылып отырды.
Курс мазмұнын меңгерту барысында оқушыларға үнемі проблемалық сұрақтар қою және өзіндік жұмыстар орындату жағына баса көңіл бөлінді. Проблемалық жағдаяттарда сұрақтарға жауап іздеу арқылы оқушылардың осы саладағы қазіргі заманның басты мәселелерімен танысып, көзқарастары кеңейюі негізінде оқытудың тәрбиелеуші потенциалы жоғарылады. Оқу мотивациясы күшейіп, «химия» саласынан өз қабілеттерін тексеру мүмкіндігі артты.