1 Бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттері Бейіндік оқыту


) Элективті курстың бағдарламасына қойылатын талаптар



бет44/56
Дата22.12.2023
өлшемі9,12 Mb.
#198478
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
Байланысты:
12 жылдық сеcсия Т (копия)-1-1

20) Элективті курстың бағдарламасына қойылатын талаптар
Элективті курстың бағдарламасы бірқатар талаптарға сай келуі тиіс. Бағдарлама оқулықтардың көмегімен логикалық түрде құрылымдай салатын зат емес. Ол – көпжылдық еңбек пен білімнің нәтижесі. Бағдарлама жай қағаз түрінде болмайды және болмауы тиіс. Бағдарламаны құру – аса күрделі, жауапкершілігі мол ғылыми жұмыс. Соның көмегімен мұғалім білім деңгейін көтеріп, ойын толықтырады. Бағдарлама оқу процесінде маңызды қызмет атқарады: 1) жоспарлау; 2) бақылау; 3) ғылыми.
Негізгі мектеп үшін таңдамалы курстардың және орта мектеп үшін элективті курстардың құрылымдары ұқсас:
титул парағы;
түсіндірме хат;
мазмұн;
оқу материалын жоспарлау;
әдістемелік кеңестер;
әдебиеттер тізімі.
Элективті курс бағдарламасының элементтеріне қойылатын шарттардың әрқайсына тоқталайық:
Титул парағы, ұйым туралы мағлұматтар жиынын құрайды, онда курстың жоспары жасалған. Титул парағы өзіне мыналарды қамтиды:
білім беру ғимаратының аты;
бағдарламаны кім және қашан жасағаны туралы мағлұмат;
элективті курстың аталуы;
бағдарлама есептелген сынып;
бағдарламаны жасаған адамның аты-жөні және лауазымы;
қаланың аты;
бағдарлама жоспары жасалған жыл.
Түсіндірме хат, келесі ақпаратты қамтуы тиіс:
- берілген элективті курстың мақсаттары мен бағалылығы;
- оқу және оқудан тыс жұмыстардың байланысын ескере отырып, мазмұнның құрылымын жасау және іріктеу;
- оқу процесінің жалпы сипаттамасы, ұсынылатын әдістер, формалар және оқыту құралдары.
- бағдарлама мәтініне техникалық түсіндірмелер жасау, яғни шартты белгілерді сипаттайтын болу керек.
Түсіндірме хаттың көлемі аз болуы керек, мұнда берілген элективті курс туралы мұғалім және оқушы толық мағлұмат білу үшін ақпараттар жиыны болуы керек.
21) 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқушының мақсаты
Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет