24)12 жылдық білім беру жүйесінде мұғалім қызметінің мақсаты
Білім беру саласының негізгі және объективті міндеттерді ескере отырып, нақты білім беру үдерісінің мақсаттарын құрастыру (нәтижеге қол жеткізуге бағдарланған оқыту үдерісі мақсаттарын қалыптастыру);
Оқу үдерісін білім беру стандартының талаптарына сәйкес және оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру бойынша міндеттер кешенін шешуге бағыттай отырып жобалау;
Оқу материалдарын дайындау және оқу мақсаттарына сәйкес ұйымдастыру;
Оқу үрдісін жобалау және практикалық іске асыру үшін ақпараттық орта әлеуетін пайдалану;
Оқушының оқу материалын меңгеруіне бағытталған белсенділігін реттеу;
Оқушылардың озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (даму аймағына қол жеткізу);
Құзыреттілік түрінде жекелеген нәтижелерге жетудің оң эмоцияларын ынталандыратын психологиялық жайлылық пен қолдау атмосферасын құру;
Өз білімін пайдалануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі тануға қол жеткізу үшін, субъективті тәжірибе алу үшін оқушылардың білім кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін іздеу;
Ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды қадағалау.
25) 12 жылдық білім беру жүйесіндегі – элективті курстар Элективті курс (латын тілінен аударғанда «electus» - таңдамалы) – бұл оқушылардың тілегі бойынша таңдап алынған, мектеп оқушыларының жеке білімдік ынталарына сай келетін, мазмұны оқушылардың танымдық қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімнің кеңеюіне әрі терендеуіне жағдай жасайтын міндетті оқу курстары. Элективті курстарды оқып үйрену, қолданбалы білімді, дағдыларды және өмірдің белгілі бір саласына қажет, таңдап алынған бейіндік пән қолданылатын қызметті игеруге бағытталған [22].Мұндай курстар қазіргі заманғы білім беру тәжірибесінде, бейіндік оқытудағы 8-9 сыныптарда өтілген және 10-11 сыныптарда да сыннан өткен. 10-11 сыныптар үшін элективті курстар әр бейіндік оқыту түрлерінде оқу жоспарында бекітілген элективті курстардың жиынтығын мектеп өзі анықтайды. Элективті курстар келесі функцияларды атқарады:
1)Бейіндік оқыту пәнінің қондырмасы, яғни ол пәнді толық тереңдетіп оқытуға дайындау.
2)Жалпы білім беру жүйесіндегі ең төмен деңгейде оқытылатын базалық пәндердің бірінің мазмұнын жетілдіру. Бұл бейіндік оқытуда немесе біріңғай мемлекеттік емтиханға таңдалған пән бойынша бейіндік деңгейде дайындалуға аралас оқу пәндерінің оқытылуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
3)жеке тұлғаның шығармашылығындағы танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру.