Ұма (scrotum)-іштерінде атабездер орналасқан,бір-бірінен оқшауланған екі камерадан тұратын,іштің алдыңғы қабырғасының өсіндісі болып табылады.
Құрылысы.Ұма жеті қабаттан тұрады:
1.Тері (cutis). Мұнда иісі бар май бездері орналасқан.
2.Етті қабықша (tunica dartos)-етті қабық болып табылады, майы болмайды.
3.Сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa).
4.Атабезді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica)
5.Атабезді көтеретін бұлшықет (m.cremaster)-m.transversus abdominalis-тің жалғасы болып табылады.
6.Ішкі шәует шандыры (fascia spermatica interna)
7.Атабездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis)-sinus epididymus-ті түзеді.
I. Голотопия: scortum-ның орта сызығы бойымен penis-тің төменгі бетінен басталып, anus аймағына дейін созылып жатады.
II.Скелетопия: S3 - S4 деңгейінде орналасқан.
III. Синтопия:
- алдынғы жағында қуық көпіршіктері орналасқан;
- артқы беті тік ішекке vesicula seminalis қарайды;
- ортаңғы жағында vas deferens ampullae жатыр;
- төменде және алдыңғы жағында қуық асты безі орналасқан.
Қандануы. алдыңғы ұмалық, аа. scrotales anteriores, және (шатаралық артерияның тармақтары) артқы ұмалық тармақтар.
Нервтенуі.Аталық безді plexus testicularis және plexus deferentialis нервтендіреді.