2 – ligamentum teres uteri
Жатырдың жұмыр байламы, дөңгелек пішінді, құрамында бұлшықеттік талшықтар бар тығыз фиброзды жіп, қалыңдығы 3-5 мм. Жұмыр байлам жатырдың алдыңғы бүйір бетінен басталып, жалпақ байламның табақтарының аралығында орнала сып, төмен жэне алдынан шап өзегінің терең сақинасына бағытталады. Жатырдың жалпак байламының артқы табағына аналық без өзінің шажырқайымен, mesovarium, бекиді.
№ 3 – ligamentum ovarii proprium
Аналық бездің ұзыны-вертикалді орналасқан, соған байланысты жатыр тутігіне қараған жоғарғы түтіктік шетін, extremitas tubaria, және жатырлық шетін, extremitas uterina, ажыратады. Ол жатырмен аналық бездің меншікті байламымен, lig. ovariiproprium, байланысқан. Бұл жалғама дөңгелек жіп түрінде аналық бездің - жатырлық шетінен жатырдың латералді бұрышына дейін, жатырдың жалпақ байламының екі табағының аралығында орналасқан.
№ 4 – epoophoron (ductuli transversi)
Аналык без жанында рудиментарлық түзілістер-аналық без қосалкысы, аналық безжаны, сабакты өсінділер, алғашқы бүйректің өзекшелерінің калдыктары мен оның түтігі орналаскан. Аналык без қосалқысы, ероорhoron, жатыр түтігі шажырқайының, mesosalpinx, табақтарының аралығында, аналық безден латералді және артында орналасып, аналык без қосалқысының бойлық түтігінен ductus ероорһогі longitudinalis, және аналык без қакпасына соқыр шеттері қараған көлденең түтіктерден, ductuli transversi, тұрады.
№ 5 – ligamentum suspensoriem ovarii
Аналык бездің байламдық аппаратына lig. suspensorium ovarii, жатады, құрамында аналық бездің тамырлары мен фиброзды талшықтар будалары орналаскан, ол кіші жамбас астау қабырғасынан аналықбезге өтетін ішастардың катпары.
|