1. Бие байларда қандай ырым Мәтіннің бірінші бөліміне жасалады? лайықты такырып



бет109/122
Дата06.04.2020
өлшемі6,49 Mb.
#61631
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-2 (1)


3- мәтін


  1. Пілдер - ежелгі тұмсықтылар тобынан біздің заманымызға жеткен жалғыз жануар. Бұрын олардың түрі 40-қа жеткен болса, бүгінде үш қана түрі бар: Саванналық африка пілдері, африкалык орман пілдері және азиялық пілдер. Пілдің дене тұрқы - 6-8 метр, салмағы 9 тоннадай болады. Олар 70-80 жыл өмір сүреді. Негізгі ерекшелігі - үстіңгі ерніне жалғасқан ұзын ет тұмсығы (хобот). Олар мұны адамдардың қолындай пайдаланады. Сол арқылы заттың иісін біледі, сезеді және орап ұстайды. Піл тұмсығы бір мезгілде 7,5 литр суды ұстап тұра алады. Пілдердің көздері жақсы көрмейді, есесіне олар ешбір жаратылыс сезбейтін иісті сезіп қояды. Оның тұмсығында 40 мыңнан астам рецептор бар. Пілдің кейбір тұстарындағы тері қалыңдығы - 4-5 сантиметр болады.




  1. Пілдер мұңаяды, уайымдайды, сағынады, ағайындарына көмектеседі, музыкамен айналысады, сурет салады. Өздерінің дене көлеміне қарамастан олар епті және тез қозғалғыш келеді және олардың тепе-теңдік сақтау кызметі жақсы дамыған. Басқа ірі сүтқоректілер секілді пілдер ыстықка қарағанда салқын жерді жақсы көтереді. Күннің ең ыстық уақытын көлеңкеде өткізіп, денесін салқындату мен жылу алмасуды жақсарту үшін үздіксіз құлақтарын қағады. Олар суға шомылып, өздерінің үстеріне су құйып, батпақ пен шаңда аунағанды ұнатады. Бұл әрекеттер терілерінің құрғап кетуінен, күнге күюден және шыбын-шіркейдің шағуынан қорғайды.

311


  1. Пілдер — отбасылық өмірді қадір тұтатын жануарлар. Олардың аналықтары әркашан отбасымен бірге өмір сүреді, өлгенде немесе адамдар ұстап алғанда ғана бөлінуі мүмкін. Олар топ-тобымен жүреді. Топтағы пілдер саны 6 мен 12-нің аралығында болады. Ал аталық пілдер




  1. жасқа таяғанда отбасынан бөлініп шығады. Дүниеге жаңадан келген пілдің баласы аяққа тік тұра алады. Салмағы 120 кг-ға жуық болады. Туғанда көзі соқыр болатындықтан, анасының тұмсығына арқа сүйейді. Жаңа туған пілдің өмір сүруге қабілеті болмағандықтан, анасы мен олардың тәжірибелі мүшелері оны үйрете бастайды. Анасы оған бірнеше күтуші таңдап, өзі сүтін көбейту үшін азық жинауға кетеді. Пілдер күніне 100 литр су ішіп, 300 кг шөп жей алады. Пілдер тәулігіне 3 сағат шамасында ғана ұйықтайды. Жалпы олардың өмірінің басым бөлігі тамақ іздеуге кетеді. Яғни, бір тәуліктің 20 сағатын осыған арнайды.




  1. Пілдер - Африка мен Азияның қалың ормандарында және ашык өлкелерінде мекендейді. Азия пілдерінін мекендейтін аймағы: Оңтүстік және Солтүстік-Шығыс Үндістан, Шри-Ланка, Непал, Бутан, Бангладеш, Мьянма, Тайланд, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Оңтүстік-Батыс Қытай, Малайзия, Индонезия және Бурней аймақтары.



  1. Пілдердің қай мүшесі ең көп кызмет атқарады?

A) Аяғы C) Көзі E) Басы
B) Тұмсығы D) Құлағы

  1. Мәтін мазмұны бойынша пілдер неліктен құлақтарын қағады? A) Күнге күймес үшін

B) Шыбын-шіркейден қорғану үшін C) Денесіне батпақ шашу үшін

D) Суықтан қорғану үшін

E) Жылу алмасуды реттеу үшін


  1. Жаңа туған пілге қатысты дұрыс мәліметтер

  2. Аяғына тік тұра алмайды

  3. Салмағы 120 келіге жуық болады

  4. Туғанда көзі соқыр болады

A) Бірінші мен үшінші дұрыс D) Үшеуі де бұрыс

B) Бірінші мен екінші дұрыс E) Үшеуі де дұрыс

C) Екінші мен үшінші дұрыс


  1. Мәтін бойынша пілдерге қатысты дұрыс нұсқа.

A) Тепе-теңсіз алыптар D) Африкалык епсіздер

B) Азиялық алыптар E) Сахаралык епсіздер

C) Еуропалық алыптар


  1. Пілдер 1 тәуліктің қанша уақытын ұйқыға арнайды?

A) Төрттен бірін. D) Алтыдан бірін.

B) Екіден бірін. E) Сегізден бірін.

C) Үштен бірін.


  1. Пілдердің қай мүшесі нашар дамыған?

A) Есту мүшесі D) Қозғалыс мүшесі

B) Дәм тату мүшесі E) Сезу мүшесі

C) Көру мүшесі

4-мәтін

Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар шаш және

кекіл қою. Қазақ халкының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта

«Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын

көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне

бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған.

Бұл ғұрып ер балаға жасалады.

Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі
көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген

жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ,

денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған

айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жаска келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп

алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген

сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым
бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған.

Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.

Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-сенімдері
312

бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.




  1. Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін көрсетіңіз A) Бала болашақта ғалым болады

B) Бала дәулетті, бай адам болады C) Бала аурудан тез сауығып кетеді D) Тіл мен көзден сақтайды
E) Баланың дос-жарандары көп болады

  1. Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады?


A) Тілі шыққан кезде D) Он жасқа толған кезде B) Қырқынан шығарған кезде E) Тәй-тәй басқан кезде

  1. Сүндетке отырғызған кезде

  2. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады?

A) Үйленген кезде D) Жеті жасқа толған кезде

B) Алғаш аңыға шыққан кезде E) Бала сырқатынан айыққан кезде
C) Мүшел жасқа келген кезде


  1. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз

  2. Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі.

  3. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.

  4. Наурызбай батырдың айдары болған.

A)

Біріншісі мен үшіншісі

D) Біріншісі мен екіншісі

B)

Үшеуі де бұрыс

E) Екіншісі мен үшіншісі

C)

Үшеуі де дұрыс




17.

Мәтінге атау беріңіз




A)

«Айдар» есімі туралы

D) Тайландтық «Айдар»

B)

Қарын шаш

E) Айдар шаш

C)

Бүгінгі шаш үлгісі







  1. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз

  2. Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды.




  1. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған.




  1. Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар.


A) Тек біріншісі, D) Тек екіншісі

B) Біріншісі мен екіншісі E) Тек үшіншісі

C) Екінші мен үшінші

  1. Мәтін стилін анықтаңыз A) Ауызекі сѳйлеу


B) Fылыми

C) Ic-қағаздар

D) Кѳркем әдебиет E) Ресми


  1. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі A) Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі

B) Бұрымды қыздар жиі кездеседі

C) Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі D) Шашына үкі тақкан кыздар жиі кездеседі E) Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі
2321 нұсқа
1-мәтін
Жер шарында теректің жүзден астам түрі бар. Біздің елімізде теректін отыз шақты түрі кездеседі. Қазақстан жерінде ақ терек, көк терек, қара терек, мырза терек сияқты түрлері өсіріледі.
Терек өте тез өседі. Оның биіктігі елу метрге дейін жетеді. Мұндай әсем де ірі ағаш көше бойына, аулаға, су қоймаларының жағалауына отырғызылады. Қалалар мен ауылдарды көгалдандыруға, егіс алқабын қорғауға пайдаланылады.
Теректің бір артықшылығы - көп күтім тілемейді. Оны көшеттерден көбейтуге болады. Теректің кейбір түрлері жүз жиырма, жүз елу жыл өседі. Терек ағашы жұмсақ болады. Одан сіріңке, қағаз, түрлі бұйымдар жасалады. Теректі құрылыста да кеңінен пайдаланады.

313


  1. Мәтін тақырыбын анықтаңыз. A) Ағаш өнімдері

B) Қазақстанда өсетін ағаштар C) Ағаш түрлері



D) Ағаштың пайдасы E) Терек ағашы


  1. Тұжырымдардың дұрысы:




  1. Терек баяу өседі.

  2. Терек көп күтім тілемейді,

  3. Терек катты ағашқа жатады. A) Екінші мен үшінші

B) Үшеуі де C) Тек бірінші D) Тек екінші
E) Бірінші мен екінші




2- мәтін
Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім бұтақтарын ашып, оны ағаштан иіп жасалған арнайы белдеулерге асып қоятын. Бұл өте күрделі, нәзік жұмыс. Қысымен жер астында жаткан жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып -ақ бармақтай-бармақтай бүртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды. Әкем топырак астында көзге көрінбей жатқан адам саусактары секілді жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай жатқанын алақанымен сипалап білетін. Сол себепті көктемдегі жүзім ашу ісіне өзінен басқа тірі пендені жолатпайтын. Мұндайда әкем жүзімнің әр бұтағын қолымен сипалап, «Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой», - деп өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп жүретін.
Әкем үш гектардай жерді алып жатқан жеміс бағындағы алма, өрік, шабдалы, тағы басқа мыңдаған түп ағаштардың әрбіреуінің қай жерде, қалай тұрғанын, неше жаста екенін, өткен жылы неше бұтағы кесілгенін, қанша жеміс бергенін, биыл қайсысына күтім қажеттігін жатқа білетін. Сол себепті ол бақты аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен жапырақтарына дәрі сеуіп жүретін.


  1. Автордың бағбанға қатысы қандай?

A) Інісі C) Шөбересі

B) Ағасы D) Баласы
E) Немересі





  1. Бүл кімге/неге айтылған сөз?


«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой».
A) Жүзімге C) Әкеге

B) Алмаға D) Балаға


E) Өрікке

  1. Мәтінде не туралы айтылған?

  2. Әкенің бақты күту шеберлігі




  1. Бау-бақшаны баптау сыры




  1. Бақтағы жемістердің өнімінің көптігі.




  1. Біріншісі мен үшіншісі дұрыс

  2. Екіншісі мен үшіншісі дұрыс

  3. Барлығы бұрыс




  1. Біріншісі мен екіншісі дұрыс

  2. Барлығы дұрыс

  3. Мәтінді жазудағы автордын басты ойы A) Жүзім түрлерін жарнамалау

B) Жеміс ағаштарының түрлерін жарнамалау C) Әкесі туралы естелік

D) Жеміс бағының күтімі бойынша кеңес E) Жеміс бағының пайдасы туралы айту




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет