1. Бие байларда қандай ырым Мәтіннің бірінші бөліміне жасалады? лайықты такырып



бет106/122
Дата06.04.2020
өлшемі6,49 Mb.
#61631
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   122
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-2 (1)


4-мәтін
I. Жеделхат - телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз маңызын жойған жоқ. Себебі , хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.


  1. Жеделхатты кез келген қызметкер кұрастырып жібере алады; қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.

Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың бағасы да томен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн.


III. Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберілетіндер мен қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «үкіметтік», «жедел», «жай» болып үшке бөлінеді.

Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін, қол.


IV. Жеделхат...
Мекенжайы («кімге»). Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді мекеннің аты, типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы: 480021, Қазақстан, Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 227, офис 47 немесе

250000, Украина,

г. Киев, Почтовая пл, дом 18, кв 44.

Алушының аты-жөні («кімге»). Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, кейде фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, «Директорға», «Білім меңгерушісіне» т.б.


V. Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу болғандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланған жөн. Егер жеделхат мақсаты алушыдан ақпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса, онда етістіктерді бұйрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы: «жіберіңіз», «салып жіберіңіз», «шешім қабылдаңыз» т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса, етістік ашық рай тұлғасында колданылатын. Мысалы: «алдым», «жеткізілді», «келеді», «орындалады», «барады» т.б.
«Тез арада», «жеделдетіңіз», «жедел», «қалай да» сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті жок, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп тұр. Цифрларды жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 - бір нөл бір үш төрт жеті, бұларды бір сөз ретінде біріктіріп беруге де болады. Мысалы: бірнөлбірүштөртжеті.
Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер, тыныс белгілері қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды. Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне қол қойылған кезде фамилия қажет болғанда жіберушінің қызметі қоса корсетіледі.

300


  1. Ақпарат алу немесе мәселені шешу мазмұнындағы жеделхатта қолданылатын етістік формасы

A) Қалау рай C) Қалау мен ашық рай E) Бұйрық рай


B) Ашық рай D) Шартты рай


  1. Қай жауапта III бөлімде берілген мәлімет дұрыс жеткізіліп тұр? A) Ел ішінде жүретін хаттарға ешқандай белгі қажет емес.

B) Ел мен ел арасында жүретіи қүжатгарды «сыртқы» құжаттар дейді. C) Халықаралық кұжаттарда «үкіметтік» деген белгі болуы мүмкін. D) Құжат елден шетелге жіберілгенде «жедел» деген белгі қойылады. E) Бір ел ішінде қатынап жүретін құжаттарды «жай» құжаттар дейді.




  1. Жеделхаттың мәтініндегі ең көп сөз саны



  1. Қандай сөзді IV бөлімдегі көп нүктенің орнына қоюға болады?

A) сипаты C) бланкісі E) толтыру үлгісі B) мәтіні D) құрастыру үлгісі


  1. Жеделхаттың бөлінуі




  1. Қандай құжат түрі ақпараттық-анықтамалық құжаттарға жатпайды?

A) Телефонхат C) Акті E) Құттықтау хат B) Жеделхат D) Түсініктеме


  1. Жеделхатты жеткізудің ең қысқа мерзімі

A) 1 сағат C) 24 сағат E) 3 сағат

B) 10-12 сағат D) Жарты сағат



  1. Жеделхатта цифрлардың жазылуы




  1. Цифрлар жазылмайды C) Жазбаша жазылады E) Бөлшек түрінде

B) Рим цифрымен D) Арап цифрымен


2359 - Нұсқа

1-мәтін
Осы күнгі құстардың ең ірісі және ең жүйрігі - түйеқұс. Оның биіктігі екі жарым метр, салмағы отыз алты килограмға дейін жетеді. Мойны мен басы мамықсыз болады. Аяғы екі саусақты, қанаты нашар жетілген. Қоразының түсі қара, оның қанат, құйрық қауырсындары ақшыл. Мекиенінің түсі қоңыр болып келеді.
Түйеқұстар топтанып жүреді, олар құмды даланы мекендейді. Түйеқұстар өсімдіктің ұрығын, жемісін, ұсақ жәндіктерді жейді.
Түйеқұстың жүйріктігі сонша, ол ит, түлкі, қояндардан озып кетеді. Оның бір айлық балапанының өзі сағатына елу километр жылдамдықпен жүгіреді. Түйеқүстың етін жейді. Ал қанат, қауырсындары әсемдікке пайдаланылады.


  1. Түйеқүс қандай жерді мекендейді?

A) Орманды алқапты C) Тоғай ішін E) Құмды даланы

B) Егінді даланы D) Өзен жағасын


  1. Түйеқұстың басқа құстардан ерекшелігі




  1. Мамығы пайдалыD) Қауырсындары ақшыл


2-мәтін
Арқар - қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі коңыр, бауыр жағы акшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.
Арқар негізінен Орта және Орталык Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар — биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар.
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындагы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай ауысады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, кебіне егіз туады. Аркарлардың басты жауы - қасқыр мен барыс.
301

Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан казір оны аулауға тыйым салынған. Қазакстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру аркылы казақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды.





  1. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? A) Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады

B) Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді C) Арқардың мүйізіне карап жасын анықтады D) Арқардан төрт түлік түрін шығарды


E) Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті

  1. Аркардың негізгі жауы нелер?


A) Шөп қоректілер C) Үй жануарлары E) Жұптұяқтылар

B) Жыртқыш кұстар D) Жыртқыш аңдар


  1. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?

  2. Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан




  1. Мүйізі үлкен болғандықтан

  2. Егіз төл беретіндіктен

  3. Сирек төлдейтіндіктен

  4. Меринос қойымен будандастыратындықтан

  5. Арқар қандай жерлерді мекендейді? A) Құмдауыт ойпаттарды

B) Жазық даланы C) Eric алқаптарын D) Шөлейт жерлерді E) Тау бөктерлерін
3-мәтін


  1. Амансың ба, Бауыржан!

Қазір сенің ең жұлдызды сәтің. Пән олимпиадасынан республикалық олимпиадада жеңімпаз атану екінің бірінің колынан келе бермейді. Мектеп директоры Нұрмағамбет ағайың сол хабарды ести сала, аудан орталығындағы ауруханадан сұранып шығып, жетті емес пе? Үйіне бармастан бірден мектепке соғып, жиналыс жасап сені құттықтады. «Мектебіміздің тарихында тұңғыш рет біздің оқушымыз республикалық додадан бірінші орын алып келіп отыр!» - дегенде өзіңе қадалған жүздеген көзден қысылып, томен қарадың. Сол олимпиадада иеленген «Мақтау қағазы» мен қарақалпақтың «Қырық қыз» дастаны, директордың қолынан қайта алғанда, тіпті ауырлап кеткендей болды. Ал кеште Нұралы ағайың бастаған бір топ мұғалім үйіңе кіріп келе жатқанда кеудеңді мактаныш биледі. Әкеңнің сәл мактаныңкырап сойлегенін де көрдің. Қалаға барса, сен үшін кітап сатып әкеліп жүретін Атажан көкең: «Біздің Баукен Төлеген ағасы сияқты шайыр болады...» - дегенде ұрланып өлең жазып жүргеніңді бәрі білетіндей қысылғаның не? Абырой болғанда, онынды ешкім байқамады.




  1. Енді баска тірлікті сөз қылайық. Саған айтатын ақылым: өзімшілдік - жақсы касиет емес. ЬІлғи: «Менікі дұрыс!» - дей беруге болмайды. Әсіресе, футболда. Футбол - ұжымдық ойын. Төрткүл ауданында болған жарыста не істедің? Тақтакөпір ауданының құрамасымен ойнағанда алғы шептегі Жамбыл мен Түгелбайға пас бергің келмей, өзің гол салғың келді. Екі рет алаң ортасында доптан айырылып қалдың. Соның бірі гол болып қақпаларыңа енді. Балалар ойын соңында кінә артқанда мойындамай қойдың. Тіпті өздерін кінәлі ғып шыгардың. Бірак сенікі дұрыс емес екенін ішің біледі ғой. Сол жолы ұткандарыңда, жартылай финалға шығар едіндер. Мүмкін, әрі карай ақтық сынға тұяқ іліктірер ме едіңдер...




  1. Дегенмен сен бақыттысың, Бауыржан. Әке-шешең, бауырларың касыңда. Ал армандарың тіпті ғажап. Кейде түнімен үйықтамай, армандайтының бар. Сол армандарыңа жетесің түбі. Ал әзірге сабағыңды жаксы оқы!




  1. Үшінші бөлім Бауыржанды қандай бала ретінде танытады?

A) Арманшыл C) Сабырлы E) Тиянақты B) Бауырмал D) Ұқыпты




  1. Мәтінде қандай стиль түрлері кездеседі?

A) Публицистикалық, көркем әдебиет D) Ғылыми, публицистикалық

B) Көркем әдебиет, іс қағаздары E) Ауызекі, публицистикалық


302

  1. Ресми, көркем әдебиет

  2. Екінші азатжолда автор Бауыржанның қай қасиетін сынға алады?

A) Өркөкіректігін C) Мансапкорлығын E) Табандылығын B) Шыдамдылығын D) Екіжүзділігін



  1. Бауыржанның құпия әуестенушілігі

A) Поэма жазу C) Өлең жазу E) Әңгіме жазу

B) Шежіре жазу D) Естелік жазу




  1. «Мектебіміздің тарихында тұңғыш рет біздің оқушымыз республикалық додадан бірінші орын алып келіп отыр!» - дегенде өзіңе қадалған жүздеген көзден қысыльп, төмен қарадың» деген пікір Бауыржанның қай қасиетін танытады


A) Сенімсіздігін C) Жасқаншақтығын E) Салғырттығын


B) Ұялшақтығын D) Немкұрайлығын

  1. Мәтін мазмұны бойынша дұрыс тұжырымдар

  2. Бауыржан - республикалық олимпиада жеңімпазы.

  3. Бауыржанның тілекшілерінің бірі - Атажан көкесі.

  4. Бауыржан өлең жазумен қатар, спортқа да жақын.

A) Біріншісі мен екіншісі B) Біріншісі мен үшіншісі


C) Үшеуі де бұрыс E) Үшеуі де дұрыс
D) Екіншісі мен үшіншісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет