1. Бие байларда қандай ырым Мәтіннің бірінші бөліміне жасалады? лайықты такырып



бет82/122
Дата06.04.2020
өлшемі6,49 Mb.
#61631
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   122
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-2 (1)


3-мәтін
Дәріс

Бір шэкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына:



  1. Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып қалай абдырап, сасқанын қызықтайық, - дейді. Сонда ақылды ұстазы:

  2. Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай, керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сонан кейін ғана не қызық болатынын тамашалайық, - дейді. Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған шәкірт айтқанын орындайды, Көп ұзамай екеуі жақын тұрған ағаштың артына барып жасырынады. Сәлден соң

218


жүзі күн көзіне әбден тотыққан, жұпыны киімді бір шаруа келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны сол еді, ішіндегі затты сезіп, аяғын дереу қайта суырып алады. Қолын салып еді, ақша екен. Екінші сыңарынан да сондай ақша шықты. Ақшаға бір, жан-жағына бір қарап, таң-тамаша болып тұрып қалды. Көз жетер жерде ешкім байқалмады. Ақшаны қалтасына салды да, жерге тізерлеп отыра кетті. Жасаураған жүзімен жан-жағына қарап сөйлей бастады: «Ей, адам! Кім болсаң да сен менің халімді өзімнен артық білгендейсің. Әйелімнің ауру екенінен, балаларымның аш -жалаңаш екенінен хабардар болдың. Бәрімізді басқа түскен қиындықтан құтқардың. Шүкір, шүкір...». Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі өзіне белгісіз адамға алғыс айтып, шүкірлігін білдіріп отырды.


Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты әсерге бөленді, Шәкіртінің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы:



  1. Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы ойыңды іске асырғанда қандай күйде болар едің?!-дейді. Шәкірті:

  2. Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! --

дейді.

  1. Әңгіменің түйіні

  2. Алтын көрсе періште жолдан таяды.




  1. Еңбектің наны тәтті.

  2. Жүйрік алысқа, жігіт намысқа,




  1. Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын.

  2. Алып қуанғаннан, беріп қуанған артығырақ.

8. Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз

1. Тозығы жеткен аяқ киім

2. Шәкірт бойындағы өзгеріс


  1. Егінші куанышы

  2. Ұстаз ұсынысы




A)4,3,1,2

C)1,4,3,2

E)2,1,4,3

B)3,2,1,4

D)4,3,2,1




  1. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал-мәтелді анықтаңыз

A) Адам санасын ар түзейді. D) Жақсы ниет - жарым ырыс.

B) Пейілі кең - кемімес, E) Ұялған тек тұрмас.

Пейілі тар - кеңімес.



  1. Жарлы болсаң да, арлы бол.

  2. Ақшаны көргендегі егіншінің алғашқы әрекеті

A) Дауыстап сөйлей бастады D) Тізерлеп отыра кетті

B) Ақшаны қалтасына салды E) Таң-тамаша болды

C) Аяғын аяқ киіміне сұқты


  1. Мәтін мазмұнынан алшақ қатар

  2. Ұстаз ақылы, бақытты шәкірт D) Жоғалған аяқ киім, егіншінің реніші

  3. Егін алқабы, шаршаған шаруа E) Жақсы дәріс, риза егінші

  4. Шәкірт пен ұстаз, шексіз алғыс

  5. Шәкіртті шаттыққа бөлеген сәт

A) Аяқ киімге ақша жасыруы

D) Шаруаның ақша тауып алуы

B) Шаруаның алғысы

E) Аяқ киімді тауып алуы

C) Ұстазына алғыс білдіруі

4-мәтін



¥лыстың ¥лы күні һәм Наурызды қалай тойлаған орынды

I. Қазақгың ежелден тойлап келе жатқан мерекесі - Наурыз. Наурызды еліміз ¥лыстың ұлы күні деп білген. Ұлыстың өзі мемлекет дегенді білдіретінін ескерсек, Ұлыстың ¥лы күні - мемлекеттің ұлы мерекесі деген сөз. Наурыз - Қазақстандағы ең басты мемлекетгік мейрам болуы шарт. Расында, Тәуелсіздік алғаннан бері ¥лыс мейрамына ерекше мән беріле бастады. Мемлекеттік деңгейде тойлануы үшін үш күндік демалыс мәртебесі берілді.


  1. Ал 2009 жылдың 30 қыркүйегінде ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Үлггар ¥йымы Бас Ассамблеясының 64- қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» ретінде аталып келеді. Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта

219


Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеген болатын.


  1. Наурыздың қазақтың дәстүр-салтын есіне түсіретін этнографиялық тойына айналып кеткені де рас. Әркім өзінің есінде қалғанын, білген дәстүрін істеп жүр. Біреулер келін түсіру ырымын жасайды, біреулер баланың түсаукесерін өткізеді деген сияқты. Наурыз жаңа жылдың басы, бірнеше мың жылдық тарихы бар қасиетті мейрам есебінде тойланбай келеді. Менің ойымша, Наурыз біздің үлттық жаңғыруымыздың, үлттық құндылықтарымызға деген көзқарасымыздың, ұлтжандылығымыздың көрсеткіші.

IV. Егер қазақтың байырғы дэстүрлеріне келсек, Мәшһүр Жүсіп шежіресінде қызыкты деректер бар екенін айтқан жөн. «Наурыздың келген сәтін жандыда балық біледі» дейді шежіреші. Наурызнама той қылатын жүрттың патшалары тірі балыкты көп қылып ұстатыті алып, бір керсен суға салып, көптің алдына қойдырады. Отырған көп элеумет сол балықтарға көздерін тігіп қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен бірі қалмай теп-тегіс шалқасынан жата қалады. Қарындары жарқырап, лезде балықтар аунаған жагынан екінші жағына қарай аунап түседі. Сонан соң патшалар барабан соқтырады: «Ескі жыл шықгы, жаңа жыл келді!» дегені бұл. «Жаңа жыл тойы!» - деп, сегіз күн үдайымен қол астына қараған жүртқа той, тамаша береді. Қазақтың «Наурыздың келгенін жандыда балық біледі, жансызда Самарқанның көк тасы біледі» деген сөзінің шешімі осы. «Самарқанның көк тасы» Мәуреннахр өлкесінде хан тағына иелік жасаймын деген патшаларды ақ киізбен көтергеннен кейін, әдейілеп алып келіп отырғызатын қасиетті тас. Қазақтың хандарының ішінен бүл тасқа Тәуекел отырған, Наурыз туғанда хандар мен сұлтандар тұтқындарға кешірім жасайды, зынданда отырғандарды босатады, қүлдар азаттық алады, сол себепті «Самарқанның көк тасы жібіді» делінеді.


V. Ертеде Әзірет Сұлтан мешіті ішіндегі қүжыраларды мекен қылған қаптаған дуаналар әлем-жәлем киініп, аса таяқгарын салдыратып тойдың қызығына олар да қосылған. Нағыз карнавал деуге келеді. Қызық думан кезінде жастар қазақтың мүшел деген он екі жылдық есебіне сәйкес кеб киіп шығады. «Кеб» қазіргі бет перде деп жүргеніміз, яғни бет-жүзін жасырып киіп алатын жасанды түр. Қозы Көрпештің Баян сүлу ауылына келгенде Тазшаның кебін киетінін есіңізге алыңыз. «Маска-шоудың» орнына бәріміз он екі мүшелдің бейнесінен костюм жасап, кеб киіп «Наурыз-шоу» неге өткізбеске?! Наурыз келгенде он екі жылға ие болған жануардың біреуі таққа мінеді, біреуі тақтан түседі, өзгелері де орнынан бір-бір саты жылжиды. Наурыз тойында шығырды алып келіп алаңның ортасына орнатып он екі жылға ие болған жануарлардың кеб-маскасын киген адамдардың бәрін сол шығырға отырғызады. Эрине, той мереке өзінен өзі басталып, әнші- күйшілер ортаға шығып жаз бен қыстың айтыстарын жасайды, бишілер тойды қыздырып жатады.
VI. Наурызда арнайы наурызнама жасап қүрбы-құрдас, сырлас азаматтар бір-бірінің ауылына барады. Наурызнама жасап арнайы келген адамға деген кұрмет шексіз болады. Дәулеті жеткендері «тоғыз» деп тоғыз мал байлайды, орта шаруалар ат мінгізіп, шапан кигізіп жатады. Әйтеуір наурызнама жасап келген адам қүр қол кайтпау керек, жоқ дегенде бір көйлектік деп мата береді.
VII. Қазақ - қызықшыл халық. Наурыз мейрамы күндері туыс-туған көрісіп жатады. Даланың бала сияқты аңғалақ халқы әр әдемі қимыл, әр маңызды сөзге бола той-мереке жасайды. Осының бэрі елді көңілдендіріп, бәрі де мәз-мейрам, қыстың ызғары той мерекемен естен шығады, қыстың шығыны, қиындығы ұмытылады. Наурыз мейрамы да осы үшін керек.
13. Мәтіндегі лиро-эпос жырларының бірімен байланысты қолданылған сөз



  1. Мәтіннің бірінші бөлігіндегі Наурызға байланысты ұғым

A) Самарқанның көк тасы жібіген күн D) Жаңа жыл тойы

B) Наурызнама тойы E) Ұлыстың ұлы күні

C) Халықаралық наурыз күні




  1. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз




  1. Неліктен наурыз мейрамын «Әз Наурыз» деп атаймыз?




  1. Қазақ халқының Наурыз мерекесінде бозбала бойжеткенге не сыйлаған?




  1. Наурыз айында ең бірінші ұшып келетін құсты қалай атаймыз?

  2. Наурыз мейрамы «Халықаралық Наурыз күні» ретінде қашаннан бері тойланып келеді?

  3. Мерекеде пісірілетін наурызкөже қалай дайындалатын болған?




  1. М.Жүсіп Көпеев жазбалары бойынша Ұлыстың Ұлы күні неше күн тойланған?

220


A)5 B)10 C)40 D)8 E)3

  1. Мәтін бойынша «Самарқанның көктасы жібіді» сөзінің мағынасы A) Хан, патшаларды ақ киізбен көтеру.

B) Жаңа жылдық басталуы. C) Күн жылынып, қар еру. D) Мұз жібіп, балық аулау.

E) Жүрек жібіп, мейірімділік таныту.



  1. Қазақстанда «Наурыз» мерекесі

A) Ұлттық мереке D) Салт-дәстүрлік мереке


B) Халықаралық мереке E) Діни мереке

C) Мемлекеттік мереке


  1. Бас БҰҰ Ассамблея түсініктемесінде кездеспейтін атау

A) Орта Азия C) Қара теңіз E) Таяу Шығыс B) Батыс Еуропа D) Балқан түбегі



  1. Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз

  2. Қазақ хандарынан қасиетті Самарқанның көк тасына кім отырған?

  3. «Самарқанның көк тасы жібіді» деген ұғымның мағынасы қандай?




  1. Наурыз мерекесінде үлкен кісілер қандай бата берген?

  2. Мәшһүр Жүсіптің шежіресінде қандай қызықты деректер айтылған?

  3. ЮНЕСКО Наурыз мейрамын материалдық емес, мәдени мұралар тізіміне қашан енгізді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет