1. Бие байларда қандай ырым Мәтіннің бірінші бөліміне жасалады? лайықты такырып



бет80/122
Дата06.04.2020
өлшемі6,49 Mb.
#61631
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   122
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-2 (1)


4-мәтін


  1. Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Қайда болмасын, бірін- бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса - көлік, жесе - ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.




  1. Қазақтың қасиетті малдарының бірі - жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (сүйрік), айғыр деп, қасиеттеріне қарай жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған; торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б.




  1. Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май,

212


құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта ебедейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай: бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған. Түйе мен жылкыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді.


  1. Қой - төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті - қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкіні жасына қарай: лақ, туша, борте, шыбыш, серке деп бөледі.




  1. Ырымшыл қазақтар өзі қадірлейтін төрт түлік малдың басын басқаға бермеген, онда мал көбеймей қалады деп есептеген. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да қайнатып, емге пайдаланған. Мал осындай аса құнды болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-толғанып, еркелетіп отырған.




  1. Епсіз, икемсіз адамға теңейтін түлік



  1. Төрт түлікке қатысты ырымдар мәтіннің қай бөлігінде көрінеді?




  1. Сыйлы қонаққа сойылмайтын түлікке қатысты мақал A) Ат - биеден, аруана - түйеден

B) Есі кеткен ешкі жинар.

C) Тайлы бие тайлақты түйедей. D) Сиырдың сүті тілінде.


E) Түйесі жоқа ауылға тайлақ атан көрінер.

  1. Мәтін мазмұнының реттілігі

  2. Төрт түліктің ішіндегі ең сүйіктісі.




  1. Сыйдың ең қадірлісі

  2. Үндемейтін адамға қатысты теңеу

  3. Амандасу әдебі




  1. Төрт түлікке қатысты халық ырымы




  1. Неліктен ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырған? A) Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болғандықтан

B) Серке қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан C) Серке төрт түлік малдың ішіндегі ең шыдамдысы болған, D) Серке қазақтың қасиетті малдарының бірі болған.


E) Отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті болғандықтан


  1. Төрт түліктің ішінде түсіне қарай сипатталатыны




  1. Қойға қатысты сипаттама

  2. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отырған.

  3. Жүрісіне, түсіне қарай атаулары болған.

  4. Кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған.

  5. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі, шыдамдысы.

  6. Жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөлінеді.




  1. Бабаларымыздың төрт түлікке көңіл бөлу себебі? A) Байлығын, мансабын көрсететін дүниесі.

B) Малдың төлін балалар жақсы көргендіктен. C) Ауырғанда ем болар шипаның көзі болған. D) Ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі болған.

213


  1. Оқу, білім алудың бірден-бір көзі болған.


1054-нұсқа

1-мәтін
I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы ішіндегі әсерлі де әсем дауыстары жез қоңыраудай шіңгір-шіңгір кісінеген жас құлындар қарақұлақ бола бастағанда, оларға түбіт араласқан жұмсақ жүннен есіліп жасалған ноқталар салынып, тиектер орнатылып, ұзақ тартылған желілерге үзбелі күміс түймелердей қаз-қағар тізіліп байланады. Мұнда жүздеген құлын ноқталанып, бие сауылады. Биені сауушы, сауғызушы болып, 2-ден 20-30 адамға дейін болады.




  1. Қазақ ауылы алғаш бие байлаған кезде, төңірек басын шақырып, кейде мал сойып немесе қыстан қалған сүрлермен тағы басқа да жылы-жұмсақтарын дайындап, ауыл адамдарының басын қосып, «бие бау», «желі байлар», «қымызмұрындық» тойын өткізеді. Бүл кезде желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағып, жақсы тілек білдіріп, мәре-сәре болып, думандатып, бие сауынын бастайды.

1. Мәтіннің бірінші бөліміне лайықты тақырып


A) Тартылған желілер D) Бие байлау

B) Ноқталанған құлындар E) Жүннен есілген ноқталар

C) Жас құлындар


  1. Бие байларда қандай ырым жасалады? A) Қыстан қалған сүрді пісіреді.

B) Желіге құлын байланады.


C) «Қымызмұрындық» тойын өткізеді. D) Жұмсақ жүннен ноқта жасалады.

E) Желі қазыққа, айғырдың сауырына май жағылады.


2-мәтін


  1. Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде той», «шілдехана күзет» өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл көтереді.




  1. Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды, Әдетте, шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын- шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету - халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген, «Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді» деген сенім болған. Осы сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету - соның бір түрі.




  1. Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. Сүйінші сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса - «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта жетектер», ал қыз болса - «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады. Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай сый-сияпат беріп, әйтеуір қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады.




  1. Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп, келушілерден көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл- көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» - деп түкірген болады.




  1. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән- жырсыз өтетін мереке, қуанышты күндер жоқ. Той да жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады.




  1. Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы A) Тіл-көзден сақтау ырымдары

B) Ескі наным-сенімдердің сақталуы


C) Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы D) Немерелі болған әже қуанышы
E) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері

4, Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады?


214


  1. Төртінші B) Бесінші C) Екінші D) Үшінші E) Бірінші

  2. Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген?

A) «Тізгін ұстар» деген сөз арқылы D) «Қырық жеті» деген сөз арқылы




  1. «Ноқта жетектер» деген сөз арқылы E) «Ат ұстар» деген сөз арқылы

  2. «Күл шашар» деген сөз арқылы




  1. Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің мәнісі

A) Нәрестеге көңілі толмағандықтан



B) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі
C) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан D) Баланың дені сау болып өссін деген ниет
E) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет