1. Бие байларда қандай ырым Мәтіннің бірінші бөліміне жасалады? лайықты такырып



бет98/122
Дата06.04.2020
өлшемі6,49 Mb.
#61631
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   122
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-2 (1)


1079-нұсқа

1-мәтін

Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық, Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән- салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 канат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 канат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:


  1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.




  1. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.




  1. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім ілінеді.

  2. От орны - қасиетгі орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

  3. Киіз үйдегі киелі орын

A) Үй иесінің жататын орны B) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын


C) Ер тұрман, киім ілінетін орын D) От жағылып, қазан асылатын орын

E) Қонақтар орналасатын орын

2. Ең үлкен киіз үй

A) Ақ ала орда B) Ақ орда C) Алтын үздік D) Алтын орда



  1. Ақ шаңқан


2-мәтін


  1. Қазақ халқының кісі сыйлау, үйге келген кісінің қолына су құйып, ас ұсынуының өзінен үлкен адамгершілік, мәдениеттілік қасиеттері айқын көрінеді. Әр отбасы үйіне келген кісіні төріне шығарып, астына көрпе төсеп, құрақ ұшады. Қонаққа ас ұсынар алдында жасы кіші адамның бірі леген мен құман алып, мейманның қолына су құяды.




  1. Қолға су құйып, кісіге ас-су ұсынудың өзіндік жөн-жосығы бар. «Бата - бастан, су - аяқтан» деп, батаны төрдегі адамға жасатса, ал су құюды аяқ жақта отырғандардан бастайды. Әдетте қолға суды қонақтар тегіс отырып болған соң құяды, бірақ жиын-тойларда адам өте көп болатындықтан, суды екі жігіт екі босағадан бастап төрге қарай айналдыра құйып шығады. Кейде есік алдына үлкен леген қойып, үйге кірерде қонаққа қол жудырып кіргізеді. Ал адам саны шағын болса, онда бір адам оң босағадан бастап отырған адамдарға түгелдей су құйып шығады, тамақ соңында қолға су құю солдан оңға қарай басталады. Қазақ қол жуғанда суды сілкімейді, орамалмен сүртеді.




  1. Қазақ салтында төмен жақта отырған адамдар өзінен жоғары отырған адамдарға шыныаяқ алып беру, ас-тағам ұсынуға жауапты болады. Шыныаяқ алып беру мен ас-су ұсынудың да өзіндік ережесі бар. Мұны әр отбасы баласына мұқият ұғындырады, болмаса өзгелер жағынан «тәрбиесіз, көргенсіз» деген сөзге қалады.

  2. Тамақ алудың да, шай құюдың да өзіндік жөн-жосығы бар. Мысалы, шай құйған кезде, үй ішіндегі кісілерге шай түгел құйылып болғанша, барлық адам сабыр сақтап күтіп отырады. Үй иесі: «Астан алыңыздар!» деген соң ғана қонақтар алдындагы асқа қол созады. Шыдамсыздық таныту үй иесін көзге ілмегендік болып саналады.

276


  1. Мәтін мазмұнынан байқалатын қазақ халқына тән ерекше қасиеттер

A) Әдептілік, білімділік B) Қонақжайлылық, ізеттілік C) Талғампаздық, ақылдылық D) Естілік, көрегенділік



  1. Ақкеңілдік, шешендік

  2. Мәтіниің 1,2-бөлімінде айтылған ой

A) Ac ұсыну әдебі B) Қонақкәде салты C) Дастарқан әдебі D) Шай құю дәстүрі E) Қолға су құю әдебі




  1. Үй иесіне деген құрмет мәтіннің қай бөлімінде сөз болады?

A) 3 B) 1,2




  1. 4




  1. 2

  2. 1

  3. Мәтін мазмұнына алшақ ой

  4. Ac ұсынудың ережесі бар.

  5. Қонақтың қолына құманмен су құяды.

  6. Суды екі жігіт төрден бастап құяды.




  1. Суды шай ішіп болған соң да құяды.




  1. Қолды жуғанда сілкімейді.



3- мәтін

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында:

Қазақ хандығы ту тіккен өңір

  1. Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп, жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен өткен кезеңдерден сыр шертеді.




  1. Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди” атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері - Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде Қозыбасы биігіне жақын болыпты.

  2. Қозыбасы, Қозыбашы - атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасыда деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы - тарихи-географиялық тұрғыдан алғанда XIV- XV ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген.




  1. Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам баласының тұрағы - мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. Тарихи дерек коздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу және Талас өңірлерін қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі мезгілде Шу өңіріндегі Суябта, Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси өмірдің куәсі болды.

  2. Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі әрбір тарихи кезеңде өзіне тән айрықша белгілермен ерекшеленеді. Сондай ерекше кезеңге XIV ~ XV ғасырлардагы этноүрдістер жатады. Бұл кезеңнің басты белгілерінің біріне - қазақ халқының этнос ретінде тарих төріне шығуы жатса керек.




  1. Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі- оғыз текті ұлыстар негізінде қалыптасқан ортақ тіл, дәстүр, территория, менталитеттегі байырғы этностың қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі аталып келген этнос (сақ, ғұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этнонимге ие болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этноним іне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың

277


алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы,

мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет

ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі

«мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі


тарихи мәнге ие. Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек.

Өйткені, Қазақ хандыгы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер

біздің бүгінгі ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ

хандығы алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа мен Азияның кез келген елімен



тең тұра алатын.




  1. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз

  2. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда тойланды?

  3. Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді?

  4. Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды?

  5. Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған?

  6. «Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай?

  7. Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы

  8. Қозыбасы - Жамбыл тауындағы шоқы




  1. Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты

  2. Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар құрады

A) Үшеуі де дұрыс B) Тек екінші C) Бірінші мен үшінші D) Бірінші мен екінші E) Екінші мен үшінші



  1. Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз

  2. Батыс Моғолстан, Шу, Талас өзендері бойында орналасқан.

  3. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы болтан.

  4. Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады.

  5. Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан.




  1. Қозыбасы аймағында қоныстанған,




  1. Мәтін мазмұнының реттілігі

  2. Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі




  1. Жаңа этнонимнің пайда болуы




  1. Алғаш ту тіккен жер




  1. Қозыбасы атауы

  2. 2,4, 3, 1




  1. 1,2, 3,4

  2. 4, 2,1,3

  3. 1,3,4,2

  4. 3,4, 2,1

  5. Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға, жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын бөлігі




  1. 2

    1. 4

  2. 3

  3. 1

  4. 5

  5. Мәтіннен 1 және 2-бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз

  6. Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады.

  7. Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады.




  1. Қазақ хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады.

  2. «Қазақ» деген жаңа аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылады.

  3. Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады.


4- мәтін


    1. Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе?




  1. «Құрт - құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. Пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбада сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі», - деп жазады ұлттық тағамымыз жөнінде «Сарыарқа самалы» басылымы.




  1. Адам денсаулығына аса пайдалы екендігінің дәлелі - құрт - кальцийдің көзі. Сондай-ақ, ақуызға өте бай, Сондықтан ол - құнарлы тағам. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.

  2. Балалар үшін де құрттың пайдасы ұшан-теңіз. Ол - баланың бойының өсуіне және сүйектері, тістері

278


дұрыс қалыптасып, жетілуіне септігін тигізер тағамдардың бірі. Әсіресе, қатқан құрттың пайдасы зор. Себебі тісі енді шығып келе жатқан балалардың иектерінің қатаюына жәрдемдеседі. Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты сүйек - тірек қимыл аппаратының дұрыс әрі белсенді жұмыс жасауына сеп болады. Жасы ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайтыны белгілі. Құрттың құрамында зат алмасуды және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин деген заттар бар. Сондай-ақ, В тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін атеросклероз ауруының алдын алады,


  1. Құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы. Себебі көктемде дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да жоғалтады. Сол жоғалған тұздың орнын толтыруға көмегі зор. Құртты әркім өз қалауынша қалаған тағамына қосып жей беруге болады.




    1. Сусын әрі қорек




  1. Езілген құрт түйіршіктерін малта дейді. Ол - өте кәделі әрі жұмсақ ас. Ұзақ сапарға жолаушылар көбіне малта алып аттанған, Өйткені малта бір жағынан ашыққан адамның өзегін талдырмаса, екіншіден шөлдеген кісіге сусын болған. Адам аштыққа бір айға дейін шыдауы мүмкін, ал шөлге бір жетіге де шыдай алмайды. Егер де ұзақ жолға шығатын адам малта құрт алса, еш алаңдамауға болады. Себебі малта құрттың адамды шөлден құтқарар ерекше қасиеті бар.




  1. Соғыс ардагерлерінің естеліктеріндегі мына бір хикая ерекше назар аудартады. Соғыс алдындағы қырғын шайқаста, қатары селдіреген взвод қорғаныс шебін тастап, шегінуге мәжбүр болады. Күші басым жау әскерінің танктері екі қанаттан орап, ту сыртынан өтіп кеткен. Тірі қалған бес жауынгер сай-жыраны сағалап, жаудың тылында қалады. Аштық пен шөл бірдей қысқанда қатардағы жауынгер жүк қапшығын ақтарып отырып, бес-алты құрт тауып алған екен. Майданға келгеніне сегіз ай болса да, «елдің дәмі ғой», - деп ырымдап, жемей жүрген көрінеді. Жасырынған жерде төрт күн, төрт түн жатады. Бесінші күні таң ата қоршаудан сытылып шығып, өз бөлімдеріне қосылыпты. «Жанымызды сақтаған бес-алты құрт болды» дегенге бөлімнің басқа жауынгерлері таңғалыпты.




  1. Қатқан құрттың жас балаларға пайдасы

A) Иекті қатайтады B) Бауыр жұмысын реттейді

C) Зат алмасуын реттейді D) Атеросклероздың алдын алады E)
Шөлдетпейді


  1. Құрттың бала ағзасына пайдасы жөнінде мәлімет беретін мәтіннің қай бөлігі?

A) Бірінші мәтіннің III бөлігінде B) Екінші мәгіннің II бөлігінде

C) Екінші мәтіннің алғашқы бөлігінде D) Бірінші мәтіннің II бөлігінде




  1. Бірінші мәтіннің I бөлігінде




  1. Екі мәтіндегі ақпараттың орналасу реттілігі

  2. Соғыс ардагерінің хикаясы

  3. Ұлттық тағамның жасалуы

  4. Дәрумендерге бай екендігі

  5. Балалар мен үлкендерге пайдасы

  6. Езілген құрт түйіршіктері

    A)

    1,3,4,5,2

    C)

    2,3,4,5,1

    E) 5,1,2,3,4

    B)

    3,2,5,4,1

    D)

    2,1,3,4,5





    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет