Құрт қасиетіне жатпайтын нұсқа
A) Кептірілген сүт өнімі B) Шөлден құтқаратын қасиеті бар
C) Кальцийдің көзі D) Бие сүтінен жасалады E) Ақуызға бай тағам
Екі мәтінге ортақ атауды табыңыз
A) Құрттың жасалуы B) Сүт тағамдары C) Құрттың түрлері
D) Құрттың пайдасы E) Құрт түйіршіктері
Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз
Құрттың қанша түрі бар?
Құрт қалай жасалады?
Құрттың жасы ұлғайған кісілер үшін пайдасы бар ма?
Құртты жылдың қай мезгілінде жеген пайдалы?
Құрттың балалар үшін қандай пайдасы бар?
19.
|
«Малта» сөзіне сәйкес келетін жауап
|
20.
|
Мәтінде кездеспейтін нұсқа
|
A)
|
Әлі толық кеуіп үлгермеген құрт.
|
A)
|
Атеросклероз ауруының алдын алады.
|
B)
|
Құрғатылған, кептірілген сүт өнімі.
|
B)
|
Сүйектердің қатаюына әсер етеді.
|
C)
|
Езілген құрт түйіршіктері.
|
C)
|
Баланың бойын өсіреді.
|
D)
|
Бірнеше жыл сақталған сықпа құрт
|
D)
|
Бауырдың қызметін жақсартады.
|
E)
|
Қайнап жатқан құрттың көбігі.
|
E)
|
Қант қосылып жасалады.
|
279
2110 – Нұсқа
1-мәтін
Нан тарихының тамыры ежелгі заманға кетіп жатыр. Ғалымдардың пікіріне қарағанда, ол он бес мың жылды құрайды екен. Алғашқы нанның өсімдігі бидай да, сұлы да, арпа да емес, кәдімгі емен екен.
Ежелгі адамдар емен жаңғағын үгіп, одан үй жасаған. Бұған археологтардың қазба жұмыстары дәлел. Дәнді-дақылдарды қолдан егуді, оның дәнінен ұн жасауды адамдар бірте-бірте меңгерген. Сұйық ботқа - қазіргі нанның бастапқы түрі болған. Ал Африка мен Азияның бірқатар елдерінде осындай быламықтарды нан ретінде әлі де қолданады.
Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?
A) Ас - елдің құты C) Жаман ayруға жақсы ас E) Ac иесімен тәтті
B) Ас атасы – нан D) Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп
Алғашқы нан неден жасалған?
Арпа-бидайданC) Шырша жаңғағынан E) Қарағай жаңғағынан
B) Ұннан D) Емен жаңғағынан
2-мәтін
Әйгілі жазушы Г. Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш қайнар бұлағы», - деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге кабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды. Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген қанатты сөзі бар. Көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес:
Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих ІІІлиман үнемі жаттығуының арқасында күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген.
Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрену қажет екен. Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.
Ең бастысы - қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз.
Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол шетел тілін үйренуде жақсы көмекші.
Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін ұмытпайық!
Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренугс негіз болатын басты әрекет
A) Тілдердің ұқсастығы D) Күн сайынғы жаттығу B) Музыка тыңдау E) Қорқынышты жеңе білу
Адамның жеке қабілеті
Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр? A) Басқа пәле - тілден.
B) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. C) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. D) Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді. E) Тіл қаруы сөз, сөз қаруы - ой.
Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай арттыруға болады?
A) Әдемі сөйлеу арқылы D) Ән шырқау арқылы
B) Әуезді саз тыидау арқылы E) Музыка жазу арқылы
C) Көп әңгімелесу аркылы
«Полиглот» деп кімдерді айтамыз? А) Жазушылық қабілеті бар адамдарды В) Екі тілді меңгерген адамдарды С) Он щақты тіл меңгергендерді
D) Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды Е) Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды
3-мәтін
280
Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенмен де өсе келе үлкен қызының мінезі өзгере бастапты. Ол үнемі мұңайып, бақытсыз кейіпте жүретін болыпты.
Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е... сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді» - дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызда қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», - дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.
Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса, екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі керінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, оғап енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.
Мәтіндегі негізгі ой кімнің сөзі арқылы беріледі?
A) Саяхатшының C) Кіші қыздың E) Қызметкерлердің
B) Үлкен қыздың D) Патшаның
8. Кіші қыз неге бақытты еді?
A) Патша бетінен қақпайды D) Ақылдылығына сенімді
B) Өзіне жасалған игі істерді ойлайды E) Әкесі қатты еркелетеді
C) Өзінің көркіне көзі тояды
Патшаның үлкен қызының дертке шалдығуының себепшісі
A) Сарай қызметшілері C) Өзі E) Саяхатшы B) Әкесі D) Сіңлісі
Саяхатшы неліктен қыздардың күнделігін жасырын оқыды? A) Патшалықтың құпиясын ашу үшін
B) Кіші қыздың науқасын білу үшін C) Қыздардың сырын ашу үшін
D) Қыздардың ақылдылығын білу үшін E) Қыздар тәрбиесімен айналысу үшін
Қай даналық ой (тағылым сөз) мәтіннің түйінін ашады?
Құрметті адам болғың келсе – көптің сөзін сөйле, халық жағында бол.
Ізгіліктен басқа таусылмайтын, бұзылмайтын байлық жоқ.
Шапағатты ойға беріл, шапағатты сөзге беріл, шапағатты іске беріл.
Тәрбиеліден тәлім, ғалымнан - ғибрат, өнерліден өнеге ал.
Қаруың – білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің ақылың болсын.
12. Мәтіннің стилі қандай?
|
|
A) Публицистикалық стиль
|
D) Ауызекі сөйлеу стилі
|
B) Ресми іс-қағаздар стилі
|
E) Көркем әдебиет стилі
|
C) Ғылыми стиль
|
4-мәтін
|
|
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі – ер балаға айдар шаш және
кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта
«Айдарлы бала айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын
көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне
бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған.
Бұл ғұрып ер балаға жасалады.
281
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.
Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-сенімдері бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.
Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады?
A) Бала сырқатынан айыққан кезде D) Алғаш аңға шыққан кезде
B) Жеті жасқа толған кезде E) Мүшел жасқа келген кезде
C) Үйленген кезде
Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз
Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды.
Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған.
Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар.
A) Екінші мен үшінші C) Тек екіншісі E) Тек біріншісі
B) Тек үшіншісі D) Біріншісі мен екіншісі
Мәтінге атау беріңіз
A) «Айдар» есімі туралы C) Қарын шаш E) Тайландтық «Айдар»
B) Бүгінгі шаш үлгісі D) Айдар шаш
Mәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады?
A) Сүндетке отырғызған кезде D) Қырқынан шығарған кезде
B) Тәй – тәй басқан кезде E) Он жасқа толған кезде
C) Тілі шыққан кезде
Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз
Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі.
Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.
Наурызбай батырдың айдары болған.
Біріншісі мен үшіншісі D) Екіншісі мен үшіншісі 18. Мәтін стилін анықтаңыз
A) Ресми C) Ауызекі сөйлеу E) Ғылыми
B) Көркем әдебиет D) Іс қағаздар
Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі A) Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі
B) Бұрымды қыздар жиі кездеседі
C) Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі D) Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі E) Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі
Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін көрсетіңіз
Баланың дос-жарандары көп болады D) Бала аурудан тез сауығып кетеді
B) Бала дәулетті, бай адам болады E) Бала болашақта ғалым болады
Тіл мен көзден сақтайды
Достарыңызбен бөлісу: |