1075-нұсқа
1 - мәтін
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән- салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.
Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім ілінеді.
От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.
269
Киіз үйдегі киелі орын
Ер тұрман, киім ілінетін орын
B)
D)
Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын C)
От жағылып, қазан асылатын орын E)
Қонақтар орналасатын орын Үй иесінің жататын орны
Ең үлкен киіз үй
Ақ ала орда
2 - мәтін
Ұрпақ заманынан озбаса...
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап беретін.
Бірде ол әкесінен:
Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтарының басқан ізі асып түседі? - деп сүрады. Әкесі:
Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратыи қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек, сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы; Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі, - деді.
Бала:
Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге?- деп сұрады әкесінен. Әкесі:
-Иә, балам. Мәселен, құлақ туа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда болмайды. Кейін, үлкейе келе, біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз шыға бастады. Келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып өседі. Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең, сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, - деді әкесі.
Баланың әкесіне қатысты сипаттама
A) Сабырлы B) Көңілді C) Адал D) Сымбатгы E) Еңбекқор
Әкесі неге риза болды?
Жақсы мысал табылғанына B) Баласының аттың сырын білетіндігіне
Баласына орынды ақыл айтқанына D) Баласының білімпаздығына
Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына
Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын» деген сөзінің мағынасы
Қатарынан қалмай өссін дегені
Ақылы жасына сай болсын дегені.
Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені.
Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені.
Өнер, білім таңдауда абай бол дегені.
Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал
Тілі тәтті - көңілі қатты. D) Күш атасын танымас.
Талайлымен таласпа.
3 - мәтін
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар
270
суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады.
Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бүл өнерді дамьпуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мыкдыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
Мәтін мазмұнының реттілігі
Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері
Күйлердің тақырыптары
Күйдің өрістеп дамуы
Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі
Күй - аспаптық жанр
A) 4,3,1,5,2 B) 1,5,2,4,3 C) 3,1,5,2,4 D) 2,4,3,1,5 E) 5,2,4,3,1
XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер A) Ықылас, Айрауық B) Тәттімбет, Баламайсан
C) Қазанғап, Дина D) Есжан, Байжігіт E) Махамбет, Даулеткерей
Ең көне музыкалық шығармаларды жегкізген аспап
A) Дауылпаз B) Домбыра C) Сырнай D) Жетіген E) Қобыз
Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі
Психологиялық, батырлық күйлер
Арнау күйлер, лирикалық күйлер
Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер
Тартыс күйлер, саяси күйлер
Тарихи күйлер, эпостық күйлер
Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа
Домбыра әуені B)Дауыс ырғагы C) Орындау мәнері
Шертпе күй E)Қобыз күйі
12. Шертпе күйлері қалай орындалады?
Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен
Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен
Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен
Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен
Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен
4- мәтін
Қазақ - күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе малын ерекше бағалаған. Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы - түйе. Көшіп-қону үшін жылқыдан да артық бағалаған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік - түйе ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтай түседі.
Түйенің жүні мен терісі - киім, сүті - сусын, еті - ас. Әсіресе түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа тезімді, әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. Осынща шыдамдылығына, куаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын, «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырганда тиімді болып табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
III. Түйе шаруашылығы Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғысгау, Қызылорда. Оңтүстік Қазақстан,
271
Жамбыл облыстарында жақсы дамыған, Түйенің шығу тарихы. Түйелер - ірі табандылар отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның екі туысы бар: бірі - түйе, екіншісі - лама. Түйелер - шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады, Түйе шөккен кезде сүйелді жсрлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді.
IV. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700- 800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Қүрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе Моңғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені төрт түліктің төресі, киелі түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.
2-бөлімге сәйкес түйе шаруашылығының тиімді саналуының себебі
Жүні мен сүті пайдалы болғандықтан
Аса үлкен күтімді қажет етпегендіктен
Көшке жиі қолданатындықтан
Суға, ыстыққа төзімді болғандықтан
Тікенек шөппен қоректенетіндіктен
Мәтіннің төртінші бөлімінде айтылатын ой
A) Түйенің азығы туралы B) Түйенің төлі туралы
C) Түйенің пайдасы туралы D) Түйе туралы мақал-мәтелдер
Түйенің сипаты туралы
Халықтың түйені ”шөл кемесі" деп атауы неліктен?
Шөлде жолаушыларды көп таситындықтан
Шөлге шыдамды болғандықтан
Кемеге қатты ұқсатқандықтан
Жабайы түйелерден тарағандықтан
Ашатұяқ сүт қоректілерге жататындықтан
Мәтін мазмұнына алшақ ой
Түйе күндіз жатып, күйіс қайырады.
Түйе көнтабандыларға жатады.
Түйе алпыс күн аштыққа шыдайды.
Түйе малы көшке қолданылады.
Түйе отыз күн шөлге шыдайды.
Түйе өркешінен бөлінген суды пайдаланатын сәт
A) Көшкен кезде тоқтамай жүргенде B) Тікенек шөптерді көп жегенде
Сусызда қалып, бірнеше тәулік су ішпегенде
D) Түнде күйіс қайырып жатқанда E) Алыс сапарға шыққанда
Түйенің жойылып кеткен түрі
Жабағылы жас түйе B) Сыңар өркешті жабайы түйе
C) Айыр өркешті түйе D) Аруана түйе E) Қос өркешті түйе
Мазмұн реттілігін көрсетіңіз
Кисе - киім, ішсе - сусын
Төрт түліктің төресі
Түйенің қолға үйретілу тарихы
Қазақстандағы түйе шаруашылығы
3,2,1,4
3,2,4,1
2,3,4,1
1,4,3,2
4,3,2,1
272
Түйе малының халық үшін ерекше құндылығы неде?
Жуас мал болғандықтан.
Көш көлігі ретінде бағалы болған.
Өсімтал мал болғандықтан.
Сирек кездесетін жануар болғандықтан.
Түйе күніне бірнеше шелек сүт берген.
Достарыңызбен бөлісу: |