1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны



бет74/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1
111 Ісіктер, Саясаттану п ні бойынша тест с ра тары. Барлы ында а жауабы д ры-1
Бұл жоба нені көздейді?
Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт. Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс. Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек. Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал. Төртінші, бұған ауқымды мемлекеттік қол¬дау жасалуы қажет. Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министр-ліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс.Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл¬дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық¬тап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік¬теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс¬тыру рәсімдерін өткіземіз. 2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды ай¬қындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ. Содан соң бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тың¬ғылықты жүзеге асырамыз. Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құр¬лық¬тарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады. Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет