1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт¬тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай-ды



бет73/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1
111 Ісіктер, Саясаттану п ні бойынша тест с ра тары. Барлы ында а жауабы д ры-1
Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт¬тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай-ды.
Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек.
Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн¬ды¬лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.
Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.
Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.
Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек. Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:
1. Аталған «Мәдени-географиялық бел¬деу¬дің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет.
2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.
3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы¬мыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түр¬¬кістан немесе Алтай – ұлттық немесе құр¬лықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн¬дылықтар.
Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғыс» кезін¬дегі табысының қомақты бөлігі Голливудтың енші¬сінде.
Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.
Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая¬сат¬тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет