93. Президент институты - тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі бұрын болмаған жаңа құрылым екенін дәлелдеңіз: Егемен елдің мемлекеттік тарихи күні – 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі» туралы конституциялық заңы қабылданды. Президенттік институттың құрылуы, оның елдің қоғамдық-саяси жүйесінде алатын орны мен рөлінің нормативтік-құқықтық тұрғыда реттелуі заңнамалық негізде қамтамасыз етілді. Бұл бағытта 1998 жылға дейін жүргізілген жетілдіру жұмыстары президенттік институтты Қазақстанда тұрақты сипатта орнықтырды. Президенттік институт, Президенттің мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы, билік тармақтары жүйесіндегі Президенттің орны, оның қоғамның пәрменді дамуына тікелей ықпал етуші факторлары біртұтас президенттік басқару жүйесін жасақтады.