АӨСШК бақылаушы мемлекеттері: Беларусь, Индонезия, Лаос, Малайзия, Түркіменстан, Филиппин, Украина, АҚШ, Жапония. АӨСШК бақылаушы ұйымдары: БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ, ТүркПА, хом. Төрағалары: Қазақстан (2002-2010 жж.), Түркия (2010-2014 жж.), Қытай (2014-2018 жж.), Тәжікстан (2018-2020 жж.), Қазақстан (2020-2022). Құрылтай құжаттары: АӨСШК-ке мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін қағидаттар декларациясы (1999 жылы АӨСШК Сыртқы істер министрлері қол қойған) және Алматы актісі (2002 жылы АӨСШК мемлекет және үкімет басшылары қол қойған). Негізгі құжаттар: Сенім шараларының каталогы, рәсім ережелері (2004 жылы қабылданған 2014 жылғы түзетулермен бірге), АӨСШК Хатшылығы туралы келісім және оның қосымшасы – Қаржылық ережелер (2006 ж.қол қойылды, ҚР 2007 ж. ақпанда ратификацияланды), АӨСШК рәмізі туралы ереже, сенім шараларын жүзеге асыруға кооперативтік көзқарас, АӨСШК сыртқы байланыстары туралы Ереже (2007 ж. қабылданды), Хатшылықтың ҚР аумағында болу шарттары туралы Келісім (2007 ж. қол қойылды, Қазақстан 2008 ж. наурызда ратификацияланды), АӨСШК Хатшылығы туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы Хаттама (2008 ж. қол қойылды), Хатшылықтың, оның персоналының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы АӨСШК мемлекеттерінің өкілдері (2010 жылы қол қойылған, Қазақстан 2011 жылғы 28 қарашада ратификациялаған). Саяси декларациялар: Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа жәрдемдесу туралы Декларация (2002 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Екінші кездесуінің Декларациясы (2004 ж.), Мемлекет немесе Үкімет басшыларының Екінші Саммитінің Декларациясы (2006 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Үшінші кездесуінің Декларациясы (2008 ж.), Мемлекет немесе Үкімет басшыларының Үшінші Саммитінің Декларациясы (2010 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Төртінші кездесуінің Декларациясы (2012 ж.), «Жаңа Азия үшін диалогты, сенім мен үйлестіруді нығайту, бейбітшілік, тұрақтылық және ынтымақтастық» АӨСШК Төртінші Саммитінің Декларациясы (2014 ж.), Сыртқы істер министрлерінің «Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды диалог арқылы ілгерілету» Бесінші кездесуінің Декларациясы (2016 ж.), «АӨСШК қауіпсіз және одан да өркендеген өңірінің ортақ көрінісі» АӨСШК Бесінші Саммитінің Декларациясы (2019 ж.).