1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны



бет84/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1

85. Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. ҚР-ның Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК, 1992 ж.) ұйымдастыру бойынша бастамасын талдаңыз.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум болып табылады. АӨСШК шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті. Мүше мемлекеттер арасында сенім мен ізгі ниет атмосферасын құру АӨСШК-тің негізгі мақсаты болып табылады. АӨСШК сенім шараларының каталогында Сенім шараларының тізбесі бар. АӨСШК сенім шаралары каталогында бес өлшем бойынша: экономикалық, экологиялық, адами, әскери-саяси және жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес саласындағы сенім шаралары айқындалған.
АӨСШК хатшылығы – кеңестің әкімшілік органы, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтанда орналасқан. Хатшылықтың штатына мүше мемлекеттер жіберетін атқарушы директор, атқарушы директордың орынбасары және кәсіби персонал кіреді. Форум жұмыс істеген жылдары 5 саммит және 5 министрлік кездесулері өткізіліп, онда АӨСШК қызметінің негізгі базалық қағидаттары мен оған негіз болатын жарғылық құжаттар қабылданды. Форумның басты міндеті ретінде халықаралық құқық қағидаттары мен күш тұрғысынан саясаттың қолайсыздығы, экономикалық дамудағы, нәсілдік, этникалық және діни тиістілігінің айырмашылықтары негізінде ашық және сындарлы диалог арқылы Азия мемлекеттері арасындағы қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау үшін қолайлы жағдай жасау болды.
Өткен 28 жыл ішінде Форум халықаралық саясаттың проблемалық мәселелер бойынша ашық ой-пікірлер алмасатын диалог алаңына айналды, сондай-ақ олардың арасында өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті. Сегіз елмен және бақылаушы мәртебесіне ие бес ұйыммен қатар, АӨСШК мүшелерінің санын 27 мемлекетке дейін ұлғайту осы платформаның өзектілігін әрі оның қажеттілігінің дәлелі болып табылады. Сонымен бірге, бүгінгі шындық АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа басымдықтары мен неғұрлым пәрменді тетіктерін әзірлеуді талап етеді.
АӨСШК мүше мемлекеттер: Әзірбайжан, Ауғанстан, Бангладеш, Бахрейн, Вьетнам, Египет, Израиль, Үндістан, Иран, Ирак, Иордания, Қазақстан, Камбоджа, Катар, Корея Республикасы, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Шри-Ланка.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет