97. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы басты міндеттерге талдау жасаңыз (14.12.2012 ж.): "Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. «Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады: Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;