1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау



бет94/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1

Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
98. Қазақстан Республикасының Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығы (2010 ж.).:
2011 ж. Ислам конференциясына төрағалық етуі Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.
2010 жылдың 1-қаңтарынан Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төрағалық қызметін бастады. 14-қаңтарда Венадағы (Аустрия) аталған ұйымның тұрақты кеңесінің отырысында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде өз мақсаттары мен міндеттерін белгілеп те үлгерді. Қазақстанның мемлекеттік хатшысы, сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев өз елінің 2010 жылы ЕҚЫҰ-дағы мақсаттарын таныстырып, лаңкестік пен аймақтағы қауіпсіздікке, Ауғанстанды қайта құру, ынтымақтастықты нығайту секілді мәселелерге баса назар аударылатынын атап өтті. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Венадағы кеңеске қатысушыларға бейнежазбаға түсірілген үндеуін жіберіп, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде 4 «Т» ұранымен жұмыс атқарады деп атап көрсеткен болатын. Нақтылай түссек: «Қазақстан бұл ұйымды Trust, Traditions, Transparency, Tolerance, – яғни сенім, дәстүрлер, ашықтық және төзімділік – деген ұранмен басқаратын болады», – деген еді Қазақстан президенті. Сонда Ресей Президенті Д.А.Медведев: “ЕҚЫҰ-дағы төр­аға­лықтың Қазақстанға өтуі бұл ұйымға өмір сұранысына ие халық­аралық институттар арасынан өз орнын табуына көмектеседі”, деп мәлімдеген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет