1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алудың – тарихи сананы жаңғыртудағы маңызын айшықтаңыз



бет96/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1

100. Жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алудың – тарихи сананы жаңғыртудағы маңызын айшықтаңыз :
Кеңес билігінің бастапқы жылдарында аграрлық, көшпелі ел түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаппай индустрияландыру мен қала санының артуы шаруалардың материальдық ресурсының жойылуына әкеліп соқты. Қазақстан компартиясының көшбасшысы Филипп Голощекин 1927 жылы "Кіші Қазан" төңкерісін жариялады. Бұл ұжымдастыру мен көшпелі қазақтың отырықшылық өмірге бейімделуін танытты. Асыра сілтеу мен халықтың қолындағы малды тартып алып қою салдарынан 1932-33 жылдары Қазақстанда бір жарым миллион адам көз жұмды. 600 мыңға жуық қазақ елін тастап, көшіп кетті. Биліктің мұндай саясаты кей өңірлерде қарулы бас көтеруге әкеп соқты, алайда ол аяусыз басып-жаншылды.

Зиялы қауым партия қайраткерлерінің қателігі мен асыра сілтеуін қатты сынға алды. Кеңес билігі азаматтық соғыс жылдарындағы ұлт тәуелсіздігіне белсене қатысқан "Алаш Орда" қозғалысының көптеген қайраткерін тізімге алып отырды. 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Міржақыпов Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сынды 44 "буржуаз ұлтшыл" қамауға алынды. 1930 жылдың қыркүйегінде Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов, Жақып Ақбаев сынды бірқатар қазақтың қаймағы тағы қамауға алынды (барлығы - 40 адам). Олардың бір бөлігі Ресей территориясына ит жеккенге айдалды. 1937-38 жылдары қазақтың көрнекті қайраткерлерінің барлығы репрессияланды. Сондай-ақ респрессия құрбандары ішінде Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Жандосов, Әбілхайыр Досов, Смағұл Сәдуақасов, Темірбек Жүргенов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров та бар. Бүгінгі таңда Қазақстанның орталық көшелеріне, мемлекеттік мекемелеріне осы қоғам қайраткерлері мен қазақтың көрнекті азаматтарының аты берілген. Олардың еңбектерін оқушылар, студенттер оқып, ғалымдар зерттейді. Олардың құрметіне мемлекетте мемориалдық кешендер орнатылып, ескерткіштер ашылған. Тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937-38 жылдары советтік Қазақстанда 118 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңына ату жазасы кесілген. Сотталғандар арасында совет саясатына қарсылық білдірген ұлт оппозициясының көшбасшылары да болды. Мамандардың пікірінше, сол кезеңдегі тарихи мәліметтердің ақтаңдақ тұстары әлі де көп. Кеңес заманында Қазақстан территориясында ірі еңбекпен түзеу лагері - Карлаг жұмыс істеп тұрды. Онда қамалғандар ауылшаруашылығы, индустриальдық өндірістегі ауыр жұмыстарға жегілді. Карлагта бір миллионнан астам тұтқын болған. Сондай-ақ елімізде саяси маңыздағы АЛЖИР - отанын сатқандардың әйелдері тоғытылған Ақмола лагері болды. Ондағылар жан жолдасының саяси қылмысы үшін жазасын өтеді. Осы жылдары көптеген ұлт жаппай Қазақстанға қоныс аударылды. 1937 жылы күзде жүз мыңдаған корей, түрік, ирандық, күрд және әзірбайжандар елімізге кеп қоныс тепті. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдары елімізге немістер, гректер, шешендер, ингуштар, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары және басқа ұлттар депортацияланды. Олардың жалпы саны 1 миллион 200 мыңды құраған. 1993 жылы Қазақстанда "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды. Оның мақсаты - әділдікті орнату және зардап шеккендердің шығынын өтеу.Қазақстан астанасында 2012 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандары құрметіне ескерткіш орнатылды. Монумент ауыр жылдардағы халықтың шеккен зардабы мен қайғысын еске салады. Жанында әйелдер мен балалардың мүсіндері бар, киіз үйдің бір бөлшегі "Кереге" сипатындағы кешен "Аза тұту қабырғасын" танытады. "1997 жылы Қазақстанның сол президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Сонымен қатар 31 мамыр – ашарлықта қаза тапқандарды еске алу күні. 1921 – 1933 жылдары аралығында (1921-1922 және 1932-1933 жылдары) қазақ даласы бір емес екі мәрте ашаршылыққа ұшырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет