1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны



бет20/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1
111 Ісіктер, Саясаттану п ні бойынша тест с ра тары. Барлы ында а жауабы д ры-1
Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция "мұсылман фракциясы" және "мұсылман қызмет фракциясы" болып екі топқа бөлінеді. 1907 жылдың 21 сәуірінен мұсылман депутаттары "Дума" газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды. Мұсылман фракциясы Ресейдің шет аймағындағы отарлау саясатын әшкерелеп, парламенттік жолмен күрес жұргізді. Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына, Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракция құрамына кірді. Қаратаев алғашқы кезде тіркеу тізімі бойынша кадет партиясыныц құрамына, кейін партиялық фракция мен топтарды толықтай құрған кезде мұсылман фракциясының тізіміне енгізілді. І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет – жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, «Қарқаралы құзырхатының» 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет