Байланысты: 1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар
19 билет 1. Алаш автономияясының құрылуы. Азамат соғысы жылдарындағы Алашорда. 2. Қазақтардың Қазақстанға оралуы (1955, 1962 жж.). 3. Нұр-Сұлтан - тәуелсіздік жаршысы.
1) 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатұлы, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған.
Азамат соғыс жылдарында. Алаш көсемдері Кеңестерге қарсы күресте биліктің жергілікті органдарымен байланыс орнатуға тырысты, ал олар Ә.Н. Бөкейхановтың ұлттық идеясына мүлде салқындық танытты. Алашорда үкіметі Омбыдан да, Уездерден де қолдау таппады. II Бүкілқазақ съезінің шешімдері мен Алаш бағдарламасының жобасы ұлттық автономияның құрылуын қарастыра отырып, шын мәнінде конфедерациялық демократиялық республика идеясынан келіп шықты. Большевиктік емес барлық саяси партиялардың бағыт-бағдарына келетін болсақ, кейбіреулері федерацияның қажеттігін үстірттен ғана мойындаса да, іс жүзінде унитарлық мемлекеттің жақтастары болып қала берді.
2) Қытайдан «кеңес азаматтары» 1955 ж. 1-сәуірінен ұйымшылдықпен келе бастаса, сол жылдың қыркүйек айында Республикалық Қоныс аудару басқармасына қоныс аударушыларды қабылдаудан бас тартқан және орнығу кезіндегі келеңсіздіктерге душар болғандардың реніші мазмұнындағы хаттар көптеп түсе бастады. Мұрағат құжаттарына сөз берсек, Қазақстанға көшіп келушілердің негізгі қатынас тілі – орыс тілін білмегендіктен тұрмыста, жұмысқа орналасуда, дәрігерлік көмек қабылдауда, білім алуда және т.б. байланысты бірқатар қиыншылықтарды басынан өткізгенін байқаймыз. 1955 ж. Қазақ КСР кеңшарлар министрлігіне қоныс аударушылардан арызданған 280 хат түскен. Керісінше, Қазақстанға көшіп келгеннен соң, несие алмай, үй салу қаракетін жасамай, барғысы келген жаққа рұқсатсыз кетіп қалғандар мен жергілікті жерлердегі тәртіпсіздіктерге себеп болған жағдайлар да көп кездескен.
1962 ж. жағдай өзгерді. Сол жылы Қытайдың Іле-Қазақ автономиялы облысынан өткендердің саны 100 мың болған (негізінен, қазақтар мен ұйғырлар). Шекара жабылады. Яғни, Қытайдағы қазақтарды қайтару халықтың сұранысы мен соған орай қабылданған Кеңес үкіметінің шешімдері негізінде жүрді. Тарихи әдебиеттерде 1950-1960-жж. репатрианттардың саны туралы мәліметтер әр түрлі. Осыған орай зерттеушілердің пікірі де бөлінеді. Қытай тарихшылары 100 мың десе, орыс тарихшылары 60 мың, американдықтар тіпті 300 мың дейді. Зерттеулер бойынша, 1954-1963 жж. Қытайдан 268.371 репатриант қайта оралды: 1954 ж. 2461 адам Қытайдан ұйымдасқан түрде келді. Келесі 1955 ж. мен 1963 ж. аралығында барлығы 199.269 адам ұйымдасқан түрде, ал, 1962 ж. сәуір айында 66.841 адам өз бетінше Қазақстанға оралды. Барлығын қоссақ, репатрианттар саны 268.371 адам болып шығады. Реэмигранттардың бірқатары республикадан тыс кетіп, басқа республикаларға да барып орналасты. 1954-1965 жж. ҚХР-нан келген көші-қоншылардың 47.569 отбасысының (259.398 адам) республиканың 14 облысқа орналастырылғаны және 1849 отбасының (8984 адам) басқа республикаға жiберiлгені туралы мәлімет беретін мұрағат құжаты бар
3) Нұрсұлтан – халықтың санасын жаңғыртқан жасампаз қала.Ел Тәуелсіздігінен кейінгі астананы ауыстыру бас қаланы қайта жаңғыртуды ғана емес,ең алдымен,қазақтың өз таңдауы өз қолында екендігін көрсетті. Менің ойымша, Нұрсұлтанның қазіргі деңгейге жеткені – тәуелсіздіктің жемісінің көрінісі.Тәуелсіздік жылдарында Астана Елордасы болып қалыптасуда қандай жолдардан өтті? Осы жолдарда қолдаушы және қозғаушы күші қалай көрінді? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, Нұрсұлтанның тәуелсіздіктің жаршысы екендігін дәлелдейін.
Біріншіден, Астананың әлемдік аренаға шығуына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі зор.Себебі, Елбасының қолдауымен Астанада халықаралық маңызы бар түрлі форумдар мен шаралар өтті.Атап айтсақ, 2010 жылы Саммиттің өтуі, жетінші Қысқы Азияданың өтуі, «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияның өтуі – осының айғағы. Биылғы жылғы өткізілгейі отырған ЭКСПО халықаралық көрмесінің Астана қаласында өтуі бас қаламыздың жемісінің бір көрінісі емес пе? Осындай әлемдік деңгейдегі шаралардың Астанамызда өткізілуі Астананың мәртбесін биіктете түседі.Тәуелсіз қазақ елінің бірлігін, ынтымақтастығын көрсетеді.
Нұрсұлтан қаласының Тәуелсіздіктің жемісі екендігін айқындайтын дәлелдің бірі әлемдік деңгейдегі сәулет кешендерінің бой көтеруінде деп ойлаймын.Бір ғана қазақ халқын емес, шет елдік азаматтарды да таң қалдырған «Бәйтерек пен «Пирамида» сияқты ұлттық рухты насихаттайтын кешендердің әдемілігі әлем елдеріне танымал болды.Сонымен қатар, Астанамыздың 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атануы, 2012 жылы ТМД елдерінің «Мәдени Астанасы» құрметіне ие болуы- Нұрсұлтан қаласының басты игіліктерінің бірі. Нұрсұлтан қаласының осындайлық аз жыл ішінде жоғары деңгейде дамуы, әрине, Елбасы мен тәуелсіз қазақ елінің арқасында деп ойлаймын.
Ойымды қорытындылай келе, Нұрсұлтан – Тәуелсіздіктің жаршысы екендігіне толықтай қосыламын.Жоғарыдағы дәлелдер жас қала Нұрсұлтанның бірнеше жыл ішінде халықаралық деңгейге көтерілгенін көрсетеді.Тәуелсіздіктің өзі не бір «тар жол тайғақтардан» өткені сияқты, Астана қаласы қалыптасу жолында да өзіндік қиыншылықтардан өтті.Десе де, Елбасы мен халық бірлесе отырып, кедергілер мен қиындықтарды жеңе білдік.Соның нәтижесінде бүгінгі күні Есіліміздің бойында еңсесін тік ұстап Астанамыз биік тұр.Жайнай бер, Мәңгілік елдің Мәңгілік қаласы!