Байланысты: 1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар
22 билет 1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. 2. XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан ғылымы мен мәдениетіндегі қарама-қайшылықтар. 3. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауындағы «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» идеясының мәні (5 наурыз 2018ж.)
1) Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.
Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
1917 ж. желтоқсан – 1918 ж. наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Сөйтіп, наурыздың 2–нен 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, Лепсіде орнады.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.
2) Қазақстандағы қазіргі мәдени процестер көпқырлы және әр алуан.
Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды. Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды
Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар:
• мектеп үйлерінің жоқтығы;
• арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі;
• 2-3 ауысыммен оқыту;
• ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану;
• көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мәнге ие болды.
Бейбіт өмірге көшуге байланысты халықтың мәдени деңгейін жетілдіру, сауатсыздықты жою мен маман кадрлар дайындау қажеттігі туындады. Ел алдында мәдени құрылысты жүзеге асыруда бірқатар кедергілер тұрды; қажетті материалдық-техннкалық база жоқ еді, ұлт зиялылары да ат төбеліндей аз болатын.
20—30-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттін дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды.
Егеменді Қазақстанда мәдениеттің қалыптасу процесі көптеген қиындықтарды және қарама-қайшылықтарды бастан кешірді және бастан кешіруде. Жоспарлы экономикаға ауысу жолының басында өндіріс көлемінің құлауымен ілесе жүрген нарықтық қарым-қатынас рельсінде «мәдениетті, халықтық білім беруді және ғылымды материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету маңызды шыңындарды алып келді. Ізгілендіру зиялылары және өндірістік емес саладағы мамандар әлеуметтік қорғаусыз қалды, ол Қазақстанда 1992 жылы оқытушылар мен дәрігерлердің ереуілге шығуына себеп болды. Сол кезде мәдениетті коммерцияға айналдыру үрдісі де байқалды.
3) Жаңа ұсыныстардың маңыздылығын ескеріп, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған жаңа әлеуметтік бастамаларымды орындау. Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба. Бұл жаңа, ауқымды әлеуметтік жобаларға жол ашты.
Әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі шаралар:
Бірінші, 2018 жылы білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен мұғалімдердің лауазымдық жалақылары 30 пайызға өсуі. Бұл жалпы мұғалімдердің 68 пайызын қамтиды. Ал, біліктілікті айқындайтын тест тапсырғаннан кейін олардың лауазымдық жалақысы қосымша 50 пайызға өсуі.
Екінші, бюджет қызметкерлерінің еңбекақы төлемін жаңа жүйеге көшіру білім беру саласында жалақы көлемін 29 пайызға, денсаулық сақтау саласында 28 пайызға, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысын 40 пайызға көтеріп, студенттер стипендиясын 25 пайызға өсіруге мүмкіндігі..
Үшінші. Базалық зейнатақыны өсіру және оны индекстеу есебінен 2018 жылдың шілде айынан бастап орташа зейнетақы мөлшері 2017 жылмен салыстырғанда 37 пайызға арттыру.