7.Вакутайнермен қан алу техникасы: 1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу. 2.Көктамырдан қан алу қатаң түрде аш қарынға және процедураны таңертең дәрілік препараттарды қабылдағанға дейін жүргізіледі. 3.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу. 4.Жабдықты дайындаңыз (вакутейнер орамасын ашыңыз, оның тығыздығына және жарамдылық мерзіміне көз жеткізіңіз), пробиркаларды нөмірлеңіз және оларды спиртке малынған 3 мақта түйіршіктерімен зарарсыздандырылған науаға салыңыз (ораманы «А» санатындағы ыдысқа тастаңыз). 5.Пациентті ыңғайлы отырғызу немесе жатқызыңыз; шынтақ иінінің астына клеенка жастықша қойыңыз; 6.Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз . 7.Тамырды қолмен басып көріп, науқасқа жұдырығыңызды ашып- жауып жұмыс жасауын , содан кейін жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз. 8.Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйіршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: (бірінші түйіршік 10 - 10 см, екіншісі - инъекция орынын, содан кейін қолданылған мақта түйіршіктерін «Б» класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз). 9.Вакутайнер инесінен қақпақты алыңыз және пункция жасау үшін көк тамырды таңдау. («көктамырішілік инъекцияны орындау» алгоритмі 10-12 тармақтан қараңыз). 10.Пробирканы алып, вакутейнерге жалғаңыз (резеңкесі бар ине). . 11.Қан пробиркаға аққаннан бастап бұрауды (жгут) ағытады. Жинағыш пробирканы қан толғаннан кейін алып тастайды. 12.Пробиркаға қан (қажетті мөлшерде) жинап, штативке салыңыз. 13. Инъекция орнына спиртпен үшінші мақта түйіршігін басып, инені вакутейнермен алыңыз және қауіпсіздік техника талабына сәйкес «Б» санатындағы контейнерге тастаңыз. 14.Наукастың қолын шынтақ буынында 5-10 минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгуін сұраңыз. 15. Инъекциядан бұрын және иньекциядан кейін науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз. 16.Шприц, ине, мақта түйіршіктерін, қолғаптарды Б класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.