№1 билет Бронхит дегеніміз не ­? Этиологиясы,жіктелуі,клиникасы, диагностикасы


Қант диабеті дегеніміз не? Диагностикасы. Емі



бет28/40
Дата24.06.2022
өлшемі0,55 Mb.
#147056
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
ответы терапии-1

Қант диабеті дегеніміз не? Диагностикасы. Емі.

Қант диабеті
Инсулин секрециясының бұзылуы немесе әсерінің төмендеуі нәтижесінде дамитын, гипергликемиямен сипатталатын зат алмасу ауруларының тобы.
Қантты диабет кезінде дамитын бірнеше патогенетикалық процестер: басым көп жағдайда инсулиннің абсолютті тапшылығы кезінде немесе шеткі тіндердің инсулинге сезімталдығы төмендеуінің ұйқы безінің β-жасушаларының секреторлы дисфункциясымен қосарлануы нәтижесінде дамиды.
қандағы қант мөлшерін төмендететін препараттар Диагностикасы. Лабораториялық тексерулер: ЖҚА: анемия (созылмалы бүйрек жетіспеушілік және диабеттік энтеропатия фонында іші өтсе); БҚА: гипергликемия, гипоальбуминемия, гипергаммаглобулин- емия, гиперхолестеринемия. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамыса мочевина және креатинин көбейеді. Глюкозотолеранттық сынама - егер қантты диабет белгілері болмаса, ал қанда қант мөлшері қалыпты көрсеткіштерден сәл жоғары болса 75 гр глюкозаны 200 мл суға ерітіп аш қарынға ішкізіп, 1-2 сағ кейін қанда қант мөлшерін анықтайды. Нәтижесін бағалау: егер аш қарынға қанттың мөлшері қанда 7,8 ммоль/л тең болса, глюкоза бергеннен бір сағаттан кейін қанда 11,1 ммоль/л жоғары болса, 2 сағ кейін 6,7-10 ммоль/л деңгейде болса, бұл қантты диабетінің болғаны (қандағы қант мөлшері қалыпты жағдайда 4,44-6,66 ммоль/л). Гликемиялық профиль - әр 2-3 сағ сайын қандағы қант мөлшерін бір тәулік бойы анықтау. Бұл тәсіл бойынша инсулинотерапияның нәтижесін бақылайды. Қысқа мерзімде әсер ететін инсулиндер күніне 5-6 рет тері астына, бұлшықетке салынады. Тәуліктік дозасы 0,9-1 Б/кг. ЖЗА: глюкозурия, кетоацидозда ацетон, гломерулосклерозда микрогематурия, протеинурия анықталады; Глюкозуриялық профиль - зәрдегі қант мөлшерін тәулік бойы анықтау: 800 1400 1400 1900 1900_800 сағатта. Инструментальдықтексерулер: Көз түбін тексеру - диабеттік ретинопатия; Бүйректерді сканерлеу - нефросклероз табылу мүмкін; Үйқы безін УДЗ - созылмалы панкреатит белгілері анықталуы мүмкін, 178
Қант диабетінің 1-ші түрі инсулин көмегімен ғана емделеді. Бірақ бұл тұста да бірнеше нұсқа бар.
Бұл адам күніне бірнеше рет ине салдыратын базис-болюсты терапия болуы мүмкін. Сондай-ақ науқас тұрақты режимде ағзаға инсулин жіберіп отыратын арнайы аппарат – помпаны қолдана алады.
Қазіргі уақытта донордағы ұйқы безін трансплантациялаудың тиімділігі туралы мәселе қарастырылып жатыр. Мұндай бірнеше ота жасалып та қойды.
Қант диабетінің 2-ші түрінде емдеу нұсқасы көбірек. Біріншіден, белгілі бір диета мен өмір салтын өзгерту жеткілікті болуы мүмкін. Дәрігер науқас жағдайына қарай дәрі тағайындауы мүмкін. Егер ұйқы безі өзінің инсулин қорын түгел жұмсап қойса, терапияға инсулин қосылады.
Бұл қант диабетінің 2-ші түрінің ең үздік профилактикасы. Дұрыс тамақтануға дене шынықтыру немесе жаяу жүрісті де қосқан абзал.
Ал қант диабетінің 1-ші түрінің алдын алу шаралары жоқ. Осы дертке шалдыққан ата-ананың балалары ерте жастан антиденелерге арналған анализ тапсыру керек болады. Егер антиденелердің бар екені анықталса, онда ата-анасына баланың жағдайын, гликемия көрсеткіштерін жіті бақылауда ұстауға тура келеді. Бірақ бұл да ешқандай кепілдік бермейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет