№1 билет Бронхит дегеніміз не ­? Этиологиясы,жіктелуі,клиникасы, диагностикасы


Пневмония дегеніміз не? Этиологиясы, клиникасы



бет3/40
Дата24.06.2022
өлшемі0,55 Mb.
#147056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
ответы терапии-1

Пневмония дегеніміз не? Этиологиясы, клиникасы.

Пневмония – өкпенің қабынуы. Жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Сонымен қатар

  1. Аурухана ішілік

  2. Ауруханадан тыс

  3. Аспирациялық

  4. Иммундық

Этиологиясы: қоздырғыштар:

  • Пневмококк

  • Стрептококк

  • Стафилококк

  • Вирус

  • Легионелла

  • Көгілдір таяқшалар

  • Микоплазма

Клиникасы:
Бірден қалтырау, ыстықтың көтерілуі;
Дем алыстың жиілеуі, одан қырылдаған немесе сырылдаған дыбыстың шығуы;
Әр дем алған кезде Пневмония дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп Пневмония басылып тұрады;
Дененің ысуы (кейде жаңа туған нәресте немесе қарт адамдар, әсіресе әлсіз адам-дар, ауыр екпе қабынуымен ауырғанда температура айтарлықтай кетерілмейді);
Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр, не сілекейге аздап қан араласқан);
Кеуде ауырады;
Науқастың халі ауырлайды;
Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы мүмкін. Егер дем алысы жиі және терең болса, тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы жүйке ауруы болуы мүмкін.



  1. Инфаркт миокарды дегеніміз не? Этиологиясы,жіктелуі, клиникасы, емі.

Миокард инфаркті - тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы.
Этиологиясы.
Миокард инфарктісінің негізгі себебі – тәж артерияларының стеноздаушы артеросклерозы. Миокард инфаркті дамуының тікелей себептері:
1) тромбоздың салдарынан тәж артериясының окклюзиясы;
2) артеросклероз түймедағының арасында қан құйылып ісінуінен тәж артериясының бітелуі;
3) критикалық стеноз нәтижесінде тәж артериясының түйілуі;
4) тәж артериясының критикалық стенозы кезінде миокардтың оттегіге сұранысының күрт артуы (мәселен ауыр дене қызметінен симпатоадренал жүйесі белсенділігінің аса жоғарылауынан).
Аталған тікелей себептермен бірге миокард инфарктісінің дамуында келесі бейімдеуші факторлардың маңызы зор: тәж артерияларының тармақаралық коллатеральдік байланыстарының жеткіліксіздігі, қанның тромбтар түзу қасиетінің артуы, микроциркуляциялық бұзылыстар.

Жіктелуі:



  • Ірі ошақты Q тісшесімен

  • Кіші ошақты Q тісшесінсіз

Трлері:

  • Рецидивті

  • Қайталама

Клиникасы: кезеңдермен сипатталады:


1Кезеңі – жедел. Бірнеше сағаттан бір-екі тәулікке дейін. Ауырсыну кенет басталып, төс арты аймағы күйдіріп ауырып, сол жағына беріледі, нитроглицериннен қайтпайды. ауырсыну отыз минуттан артық, мұздай тер, қорқыныш үрей басады. Ауырсыну күшті болғандықтан кардиогенді шок дамиды: терісі боз, еріні көк, аяқ қолдары мұздай, АҚҚ төмен, пульс жиі, ырғақты, жіп тәрізді болады. Аса ауыр жағдайларда дистанциялық сырылдардың қосылуымен демікпе пайда болады (өкпе ісінуінің даму мүмкіндігі). Аускультацияда жүрек тондары тынық, жүрек ұшында систолалық шу (папиллярлы бұлшықеттер некроздалса), «шоқырақ ырғағы» болуы мүмкін. ЭКГ да:
- iрi ошақты инфаркта монофазалы қисық (Парди доғасы) тән
- кішкенеошақты инфаркта Т тісшесі өзгереді - теріс болады,S-T изосызықтан төмен (28 а сур).
ЖҚА: бірінші сағаттарынан басталып 1 аптаға дейін сақталатынлейкоцитоз, тропонинді сынақ оң болады, МВ-КФК белсенділігі жоғарылайды, 1 тәуліктен кейін аса жоғары болады.
II кезеңі - жедел (10-14 күн). Некроз нәтижесінде қанға кардиомиоциттердің бұзылунан пайда болатын заттар сіңіп, асептикалық қабыну белгілері пайда болады: дене қызуы көтеріліп,қан анализінде - лейкоцитоз солға ығысуымен (10-15 мың.),эозинопения, АСТ, АЛТ, сиал қышқылдарының жоғарылауы, С-реактивті белоктың пайда болуы (1 ай бойы сақталады).Асқынбаған миокард инфарктында пациент жағдайы біртіндеп жақсарады - ауырсыну басылады. Әлсіздік, ауаның жетіспеуі, жүректің қағуы сақталады. Жүрек тондары тынық, жүрек шекаралары солға кеңейеді. 5-7 күннен кейін лейкоцит саны қалпына келеді, ал ЭТЖ 2-ші аптаның соңына дейін 20-40 мм/сағ жоғарылайды- оны «қайшы» симптомы деп атайды. Бұл күндері С-реактивті белок көрсеткіштері максимальды болады.
ЭКГда:
-Q тісшесі кеңейеді, ST сегменті төмендеп, изосызыққа жақындайды, теріс Т-тісшесі қалыптасады (28в сур). ЭКГ-ны дұрыс бағалау үшін бұрынғы электрокардиограммалармен үнемі бақылап, салыстыру қажет.
Ш кезең - жеделдеу немесе тыртықтану (15-20 күннен кейін басталып 4-6 аптаға созылады -29 сур). Бұл кезеңде асқы-нулары болмаса қан көрсеткіштері қалпына келеді. Пациент жағдайы біртіндеп жақсарады. ЭКГда:
- патологиялық (терең) Q тісшесі (тыртық көрсеткіші);
- R тісшесінің төмендеуі (немесе R тісшесінің жойылуы);
- ST изосызықта болуымен,
- теріс «коронарлық» Т-тісшесімен сипатталады.
ЭКГда бүл өзгерістер көп жылдар, кейде өмір бойы сақталады.
IY кезең - инфарктан кейінгі немесе реабилитациялық (қалпына келу - 6 айдан 1 жылға дейін). Бүл кезеңде бүлшықет талшықтарының және жүрек бөлімдерінің компенсаторлық гипертрофиясы дамиды. Көрсетілген кезеңдер трансмуральды миокард инфарктына тән. Кішкене ошақты миокард инфарктыны - «Q тісшесісіз инфаркт» деп атайды. Ағымы және клиникасы айқын емес. ЭКГ өзгерістері жойылуы мүмкін, өйткені кішкене фиброз ошақтары гипертрофияланған көрші кардиомиоциттермен жабылады.

Емі:


  1. Наркотикалық анальгетиктер: Морфин

  2. Ацетилсалицил қышықылы шайнату

  3. Тромболизистік ем: стрептокиназа, урокиназа, немесе гепарин

3 билет




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет