1. Автоклавтау 34. Автоклавтау – қысымдағы бумен әсер ететін стерилизация болып табылады. Булы стерилизация жоғары температура (138 С) мен жоғары қысым (2,5 ат.Қ.) Арқылы әсер етумен жүзеге асады. Нәтижесінде стерилизациялы камерадан барлық ауа ығыстырылады.
металдарды автоклавтау:
1 режим -температура 132 С, қысым 2 атмосфералық қысым, уақыты 20 мин.
Бумен стерилизациялайтын құралдарды алдымен фильтрлі стерилизациялы қораптарға салып маркирлейді. Фильтрсіз бикстер 3 күн, фильтрлі бикстер 20 күн сақталады.
Булы стерилизаторларды әдетте автоклавтың атымен атайды
Автоклав — атмосферадағы қысымнан жоғары қысымда және түрлі температурада физика-химиялық процестер жүргізілетін аппарат. Автоклавтар түрліше мақсаттарға арналғандыктан, олардың формалары да, көлемдері де әр түрлі болады: айналмалы, шайқалмалы, көлбеу және тік автоклавтар. Ол қақпағы бар немесе жабық ыдыс түрінде болаттан, шойыннан және т. б. жасалады.
Автоклав іштей де, сырттай да қыздырылады. Ол үшін электр тогы, бу, газ пайдаланылады. Автоклавтың салмағы бірнеше кг-нан 80—100 т-ға дейін, ал сыйымдылығы оңдаған см~3- ден жүздеген м3-ге дейін жетеді. Автоклав химия өнеркәсібінің органикалық шала өнімдер мен бояулы заттар өндірісінде, синтездеу процестерінде, гидрометаллургияда, тамақ өнеркәсібінде және медицинада микробтарды толық жою үшін кеңінен қолданылады.
2. Эмульсиялар.Олардың алынуы.
Эмульсиялар деп бір-бірінде аз еритін немесе мүлде ерімейтін екі сұйық фазадан тұратын дисперсті жүйелерді атайды. Эмульсиялар да, суспензиялар тәрізді ірі дисперсті жүйелер; олардағы бөлшектердің өлшемі 1 мкм-ден 50 мкм- ге дейін болады, алайда дисперстілігі бұдан әлдеқайда жоғары жүйлер де дайындауға болады.
Іс жүзінде маңызды және кең қолданыс тапқан эмульсияларға бір фазасы су, ал екіншісі – май болатын эмульсиялар жатады. Май деген атау шартты түрде, бұл фаза ретінде органикалық еріткіштер, минералды майлар және басқа да полюссіз еріткіштер жатады. Мұндай жүйелер екі түрлі эмульсия түзе алады: судағы май (м/с) – бұл тура эмульсиялар және майдағы су (с/м) – кері эмульсиялар. Эмульсияларды дайындауда беттік белсенді заттардың – эмульгаторлардың рөлі ерекше. Олар табиғатына байланысты ионогенді, ионогенді емес және амфотерлі болып бөлінеді.
Эмульсиялар – полярлы сұйықтықтан, полярсыз сұйықтықтан және эмульгатордан құралған үш компонентті жүйе болып табылады. Сонымен қатар сұйықтықтың біреуі тамшы түрінде болады. Қажетті өлшемдегі тамшыларды 2 түрлі жолмен алуға болады: Конденсациялық әдістер (тамшы түзгіш кішкентай орталықтарды үлкейту арқылы) Диспергациялық әдістер (ірі тамшыларды ұсақтау арқылы). Зертханаларда да, өндірістерде де ең көп тараған әдістер – дисперациялық әдістер.
№20 билет