1 билет Дисперсті жүйелер мен сулы ерітінділер



бет21/23
Дата25.04.2023
өлшемі264,13 Kb.
#175338
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ФАРМ ответы

1. Коллоидты ерітінділер.
Көптеген косметикалық сұйықтықтар коллоидтық ерітінділер күйінде болады. Коллоидты ерітінділер таза гомогенді ерітінді емес. Онда сұйық немесе газды ортада (мысалы, суда) кішірек молекулалардан тұратын ірі молекулалар немесе бөлшектер диспергирленеді. Коллоид немесе коллоидты бөлшек кішкентай болғаны соншалықты жерге түспей, қалқымалы күйде тұрады. Оның бөлшектірінің көлемі 1-ден 100 нм-ге дейін ауытқиды, ал ең үлкені 500 нм болады.

Тірі ағзада барлық физиологиялық үдерістер ерітінділерде, коллоидты ерітінділерде және гельдерде (гель – тығыз коллоидты ерітінді) жүзеге асырылады. Тірі ағзалардағы физиологиялық үдерістер сұйық ортада жүреді, ал жасушалардағы бөлшектер жоғары молекулалы органикалық қосылыстардан тұрғандықтан, коллоидтық ерітінділердің барлық тіршілік үдерістерінде атқаратын маңызы зор. Қарапайым коллоидтық ерітінділердің мысалы ретінде жұмыртқа мен соя ақуыздарын, сабын мен синтетикалық жуғыш заттардың ерітінділерін, желатин және лецитин желесін, желімдерді қарастыруға болады. Барлық коллоидтық ерітінділердің негізгі компоненті,әрине су-(90%-дейін). Судың мөлшері 90%-дан едәуір аз болатын тығыз коллоидтық ерітінділер гель деп аталады. Ал косметикада түрлі гельдер кеңінен қолданылады..


2. Гомогенизаторлар
Гомогенизатор — тамақ өнеркәсібінде дисперстік эмульсиялар алуға арналған аппарат. Гомогенизатор жоғары қысымды сорғы пайдаланылуы мүмкін. Мұндайда сұйықтың үлкен жылдамдықпен қылтамыр тесіктер арқылы немесе өлшемі 2—7 мкм тар саңылаулар арқылы өткізіліп, май бөлшектері ыдырайды (0,1-1мкм шамаға дейін). Гомогенизатор стерилденген сүт, сүт консервілерін, балмұздақ, кілегей жасау үшін, сондай-ақ химиялық және биологиялық зерттеулерде қолданылады

28 билет


1. Сұйытылған эмульсияның қасиеттері.
Сұйылтылған эмульсияның қасиеттері. (Cd<0,1 көлемдік %). Мұндай эмульсиялар әдетте, жұқа дисперстілікті және қасиеттері бойынша лиофобтық зольдерге ұқсас болады. Мұндай эмульсияларда тамшы өлшемдерінің кішкентай болуына байланысты броундық қозғалыс, диффузия, жарық шашырату және т.б. байқалады, олар седиментациялық тұрақты болып табылады. Олардың агрегаттық тұрақтылығы лиофобтық зольдердегідей диффузиялық электрлік қабаттың болуымен анықталады. Электролиттердің әсерінен коагуляция Щульце-Гарди ережесіне бағынады. Сонымен, эмульсияларға лиофобты зольдердің тұрақтылығының теориясын қолдануға болады. Сұйылтылған эмульсияның кеңінен белгілі мысалы – бу машинасындағы жұмсалған бу конденсаты, мұнда машина майының майда тамшылары майдаланған. Басқа мысал – шикі мұнай, мұнда судың тамшылары екінші ретті эмульсия түзеді.
https://lektsiopedia.org/other/lek-66.html толыгымен мына ссылкада слишком коп касиеттери



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет