1 билет «Химия» пәнінен жаңартылған білім беру мазмұныңдағы 7-11 сыныптардағы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны


Мектеп химия кабинетінің жабдықтары. Сақтық шаралары



бет4/85
Дата08.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#124391
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11

Мектеп химия кабинетінің жабдықтары. Сақтық шаралары.

Мектептегі химия кабинетіне талап 2 түрлі қырынан көрінеді. Біріншісі – санитарлы – гигиеналық, эргономикалық және жалпы мектептік ережелер. Екіншісі – қажетті барлық оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс (кабинеттің дидактикалық құраушысы) ол оқу – тәрбие кешенін өткізуге мүмкіндік береді.Ережеге сәйкес химия кабинеті 2 бөлмеден тұруы шарт: сабақ және басқа да іс – шаралар өткізуге арналған сынып бөлмесі және химиялық ыдыстар, реактивтер, оқу құралдары, дидактикалық материалдар сақталатын – лаборанттар бөлмесі. Мұғалім столымен, тартқыш шкафпен, сынып тақтасымен сәйкестендірілген демонстрациялық стол орналасуы керек. Мектептегі химия кабинетінде міндетті түрде су құбырымен, электроэнергиямен, оқу – әдістемелік әдебиеттер және кестелерді сақтауға арналған сөрелермен, өрт сөндіру құралдарымен және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған заттармен толық қамтамасыздандырылады.Лаборанттар бөлмесінің ауданы 18м2 тең болуы керек. Онда реактивтерді, ыдыстарды, басқа да зерханалық заттарды сақтауға арналған сөрелер, тартқыш шкаф, ыдыс жуатын орын, өрт сөндіру құралдары, лаборант пен мұғалімге қажетті жиһаз болуы керек. Лаборанттар бөлмесі химия кабинеті жақын тұспа – тұс орналасуы керек. Химия кабинетін басқа пәндер бойынша сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізу мақсатында қолдануға болмайды.Кабинеттің оқу-әдістемелік базасы:Дидактикалық, көрнекі, тарату, анықтама материалдары жеткілікті көлемде болуы тиіс және пән бойынша бағдарламалық материалдарды орындауды қамтамасыз ету қажет.
1.Лабараторияда және кабинетте тек химия пәнінің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс істеу керек
2.Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып,ондағы қолданатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек
3.Химиялық лаборатория мен кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның,көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім отты сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т.б.тұрған жерін дәл біліп алу керек
4.Кез-келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп,қажет болса көзіне қорғауы көзілдірік, тағып алғаны дұрыс.Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де,қажет болуы мүмкін.
5.Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып керек.
6.Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап алған жөн
7.Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды.Егер газ күйіндегі заттың иесін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек
8.Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды.Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек
9.Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды.Лабораторияда және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн
10.Тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде және аз етіп алындар. Реактивтерді үнемді қолдана білу керек..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет