Химия танымжорықтың маңызы және оның түрлері Оқу курсын ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі-өндірістік танымжорықтар. Өндірістік танымжорықтар мектепте оқылатын теориялық материалдарды өндіріс тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Өйткені, олар оқушыларды қандай болсын өндірістік үрдістер неге және не үшін жүзеге асырылатынын түсінуге алып келеді. Өндірістік танымжорықтар оқушылардың әржақты жетілуіне жәрдемдесе отырып, олардың политехникалық ой өрісін де дамытады.
Химиялық танымжорықтың өтілуі Өндірістік әрбір танымжорық әдетте қысқаша кіріспе әңгімеден басталады. Бұл әңгімеден танымжорық жетекшісі өндіріс жөнінде: оның ұйымдастыру тарихы өндірістің не жасап шығаратыны, оның технологиясының және өндірістік үрдісінің өзіне тән ерекшеліктері, ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын пайдалану, өндіріс жоспарын орындау, немесе ауыл шаруашылығы өндірісінен ең жоғары өнім алу жолындағы күресі туралы жалпы мәлімет береді.Оқушыларды шектен тыс қалжыратпау үшін өндірістік танымжорықтардың ұзақтығы әдетте 1,5-2сағаттан аспауы керек, тек ерекше жағдайларда, онда да жоғары сыныптарға аздап созуға болады. Әңгіменің қорытындысына мұғалім оқушылардан танымжорықтан түсіндіргендерін, ұққандарының дұрыстығын байқау үшін оларға бірқатар тексеру сұрақтарын қоюы керек.