Байланысты: 1 билет «Химия» п нінен жа артыл ан білім беру мазм ны да ы 7-11
3. «Органикалық заттарды оқыту кезіндегі генетикалық байланыстар» тақырыбын оқыту әдістемесі. Сабақтың тақырыбы: Органикалық қосылыстар кластары арасындағы генетикалық байланыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың органикалық химия курсын есіне түсіру, генетикалық байланысты шығару.
Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау.
Түрі: қайталау сабағы, дәстүрлі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Тапсырма 1. II.1) Кім жылдам? (миға шабуыл).
Сұрақтарға тез-тез жауап беріледі, әр оқушының жауабын бақылаушы бақылау тақташасына белгілеп отырады.
1. Батпақты жерлерде, тас көмір шахталарында кездесетін газ? (метан).
2. Молекуласында екі қос байланысы бар көмірсутектер (диен көмірсутектері).
3. Бензолдың құрылымдық формуласын ұсынған ғалым (А.Кекуле, 1865ж).
4. Молекулалық құрамы бірдей, бірақ химиялық қасиеттері әр түрлі болатын заттар (изомерлер).
5. Аминқышқылдары бір-бірімен әрекеттескенде түзілетін байланыс (пептидтік байланыс).
6. Сахарозаның гидролиздену өнімдері (глюкоза мен фруктоза).
7. Нуклеин қышқылдарының құрамындағы пентозалар (рибоза, дезоксирибоза).
8. Табиғи полимерлер қатарына жататын көмірсулар (крахмал мен целлюлоза).
9. Денесінде қышқыл бар жәндік (құмырсқа).
10. Улы көпатомды спирт (этиленгликоль).
Тапсырма 2. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, үш оқушы генетикалық байланысқа есептер шығарады:
Тапсырма 3. Органикалық генетикалық сұрақ – жауаптар . Екі оқушы шығады. Оларға сұрақтар беріп олардың жауап беруіне уақыт беріледі
Тапсырма 4. Деңгейлік тапсырма беріледі.
Тапсырма жиналғаннан кейін, сабақ қорытындыланып, баға айтылады.
Үйге: Венн диаграммасын құру.