1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту



бет40/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

Ес үрдістері бірнеше түрге бөлінеді: есте қалдыру, есте сақтау, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.
1.Есте қалдыру. Естің іс-әрекеті есте қалдырудан басталады. Есте қалдыру басқаша айтқанда бекіту деп аталады. Біз әр уақытта да белгілі бір нәрсені есте сақтаймыз, сол сияқты қабылдаймыз және ойлаймыз.
Есте қалдыру механикалық және мағыналық болып бөлінеді. Механикалық есте қалдыру негізінен есте қалдыратын материалды бекітудің сыртқы байланыстары мен жекелеген бөлімдерінің (мысалы, сөздермен) арасындағы байланыстарға негізделеді. Механикалық есте қалдырудың негізгі шарты қайталау болып табылады. Мысалы, егер бірнеше рет бірінен соң бірін екі сөзді - балта, алма, бірнеше рет қайталасақ, олардың арасында ассоциация қалыптасады, бұл жердегі байланыс (ассоциация) бірінен соң бірін механикалық түрде қайталағандықтан болады.
Мағыналық есте қалдыру ойлау үрдісімен тікелей байланысты, мағыналық есте қалдыру, материалдың мазмұнын түсінуге, оның бөліктерінің арасында болатын логикалық байланыстарды саналы пайымдауға негізделеді.Мағыналық есте қалдыруға көмектесетін тәсілдердің бірі - материалды мағыналық топтау.Мағыналық топтау дегеніміз материалды бөліктерге бөлшектеу, әрбір бөлімдегі басты, маңыздыларын бөліп көрсету.
Есте қалдыру ырықты және ырықсыз болуы мүмкін.
Ырықсыз есте қалдыру - алдын ала ешқандай мақсат қойылмай, материалды алдын ала таңдап, есте қаддырудың қандай да бір тәсілдерін қолданбай іске асатын есте қалдыруды айтады. Мәселен, біз көшеде кездейсоқ кездескен адамдарды, кездейсоқ тыңдалған сөздер мен әуендерді де есте қаддырамыз, біздің есімізде ырықсыз есте қалатын өзінің әсемдігімен, анықтығымен ерекшелентін заттар мен құбылыстар, күшті сезімдер, бұрынғы біздің тәжірибемізбен байланысты қызықты, маңызды оқиғалар есте қалады.
Ырықты есте қалдыру алдын ала мақсат қайталап, есте қалдыру үшін материалды тандауды іске асыратын есте қалдыруды айтады. Ырықсыз есте қалдырудан айырмашылығы белгілі бір материалды есте қалдыруға саналы бағытталады. Ырықты есте қалдыруда оған қажетті ерікті, күш - жігерді сала отырып, өзін жақсы және берік бекітуге жұмылдырады.
Шәкірттердің оқу іс-әрекеті білімді меңгеру, ептілік пен дағдыны қалыптастыру негізінен ерікті есте қалдыруға сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет