1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


Білім берудің мазмұны: оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары



бет39/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

1.Білім берудің мазмұны: оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары.
Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде ''нені оқыту керек?'' сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады.
Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
Лернер Исаак Яковлевичтің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі". Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.
Оқу жоспары-оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі,оқу және тіл дамыту, екінші тіл - орыс тілі, матема-тика, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар.
Оқу бағдарламалары-оқу жоспары негізінде құрастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.
Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді.
2.Ес. Ес үрдістері.
Ес-адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет