Медициналық психология –дәрігерлердің ќызметі мен аурулардың мінез – ќұлќын зерттейді.
Әскери психология– азаматты ел – жұрты мен Отанын ќорғайтын ќалќан болуға психологиялыќ тұрғыдан даярлау.
3.Дүниетану сабағында оқу процесін ұйымдастыру формалары. Бастауыш мектеп оқушыларының дүниетануды оқыту және тәрбиелеу әр түрлі ұйымдастыру формаларында өтеді.Оқу жұмысының әрбір формасы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің сипатына,оқушылар құрамына,оларды сабақ кезінде ұйымдастыруға,сонымен бірге оқу уақытының режиміне байланысты.
Қазіргі кезде бастауыш мектептегі дүниетану сабақтарында ұйымдастыру жұмысының мынадай формалары қолданылады.
А.Сынып сағаты
В.Топсаяхаты
С.Үйдегі оқу жұмысы
Д.Мұғалімнің тапсырмасымен жүргізілетін және тікелей оқу материалымен байланысты сабақтан тыс жұмыс (табиғаттағы,тірі табиғаттағы мүйісі,мектеп алаңындағы бақылаулар).
Заттық сабақтар Заттық сабақтардың мақсаты – оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарымен, заттарымен нақтылы танысып, олардың арасындағы байланысты анықтайды. Мұғалім заттық сабақтарды өткізгенде ең алдымен осы пән туралы оқушыларға қаншалықты нақты түсініктер мен ұғымдар беретіні айқын елестетіп алуы керек. Белгілі бір затпен жұмыс атқара отырып, балалар әр түрлі сарамандық іскерлік пен дағдыларды тудыруға жәрдемдесуі керек. Заттық сабақтар топсаяхатынан кейін өткізіледі. Топсаяхат кезінде оқушылардың зерттейтін затымен нақтылы табиғат ортасында танысуларына, оның басқа заттармен және құбылыстарымен байланысын көрулеріне мүмкіндік береді.
Мұғалім заттық сабақтың мазмұны мен барысын, оның білімділік және тәрбиелік мәнін мұқият ойластырады. Сабаққа жабдықтар және табиғи объектілер дайындауға ерекше көңіл бөлу керек. Мұғалім объектіні өзі мұқият қарап, белгіленген жұмыстардың барлық түрін, әсіресе тәжірибеге байланысты жұмыстарды жасап шығуы керек. Жұмысты жүргізуге кететін уақытты дәл анықтауға, бұл жағдайда пайда болатын қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Сабақта қарастырылған зат әрбір оқушының алдында болғаны жөн. Ол балаларды қарастырылатын заттарды тиімді қарауға баулиды. Олар заттардың әрқайсысының белгілі бір айқын белгілерін, көлемін, түсін, қозғалуын формасын байқайды. Оқушылардың затты қабылдау белсенділігі әр түрлі болуы мүмкін. Егер мұғалім затты көрсетіп отырып, оқушыларды сабаққа белсенді араластырмай,бәрін өзі айтып берсе, онда балалар тез шаршайды, материалды нашар ұғынады. Мұғалім балаларды ойландырып, сұрақтар берсе, сонда сыныпың жұмысы жандандырылады, оқушылар зейінін күшейтеді, оларды ойлануға, өздігінщше қорытындылар жасауға мәжбүр етеді, түсінуін және есте сақтауын оңайлатады.Ал бұл әдіс-белсенді оқу.
Кезеңдері:
• Заттарды көрсету және оның атын атау
• Заттың жалпы көрінісін байқау және оның негізгі белгілерін белгілеу
• Затты жан-жақты қарап,басты және екінші дәрежедегі белгілерін анықтау
• Оқушыларға жақсы таныс басқа заттармен ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау
• Зат туралы алған білімдерін қорыту және одан әрі жетілдіру