2) Нәрестелік және сәби шақтағы психологиялық даму Нәрестелік кезеңдегі баланың психикалық дамуы
Баланың дүниеге келуі алғашқы дағдарыс. Оның мәні: тұрақты ортада өісмдік тәрізді тіршіліктен бөлек автономды өмірге өту.
0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:
1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым);
2) тамақтану (сору, жұту);
3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);
4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру);
5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу).
Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады - бұл тамақтандыруға деген рефлекс.
Танымдық дүниенің дамуы. Дүниеге келген кезде көру және есту анализаторлары толыққанды қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму үстінде болады. 2-3 - ші аптада есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.
Эмоционалдық дүниенің дамуы. Үштен жеті аптаға дейінгі жаста балада жандану кешені пайда болады: анасын немесе басқа жақын адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.
Жандану кешені балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа - бұл баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.
Сәбилік кезең (2-айдан 1 жасқа дейін).
Баланың физикалық дамуының негізгі жетістіктері:
1. Қамту және манипуляциялау. Қамту - бұл заттарды қармап ұстап алу, манипуляциялау - бұл өз ыңғайына қарай заттармен әрекет жасау. Қамты мен манипуляцияның рөлі - бұл жаңа жетекші іс-әрекет - заттық-қарулық іс-әретке дайындалу.
2. Еңбектеу - бұл баланың алғашқы өз бетінше қозғалу түрі; оның рөлі- жаңа әсерлерді қамтамасыз ету.
Дамудың әлеуметтік жағдайы - үлкендерге толықтай тәуелділік, ол баланың органикалық қажеттіліктері мен жаңа әсерлерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Сәбидің жаңа құрылымы- қарым-қатынасқа деге қажеттілік.
Жетекші іс-әрекет - эмоциялар, мимика көмегімен эмоционалды, тікелей қарым-қатынас.
Эмоционалды қарым-қатынастың тапшылығы госпитализм құбылысына әкеледі, яғни психикалық және физикалық дамудың тежелуіне.
Танымдық дүниенің дамуы. Көру және есту түйсіктері қарқынды қалыптасады (3-тен 4 айға дейін). Көру қабылдауы шамамен 11 айда пайда болады. Ес ырықсыз және келесі түрлері басым болады: эмоционалды және қозғалыстық. Зейін ырықсыз. 1 жылдың аяғына таман көркем-әрекеттік ойлаудың алғашқы белгілері байқалады.
Сөйлеу пассивті. 7-8 айда тілді түсіне бастайды. 1 жаста оның пассивті сөз қоры 50 сөзден тұрады. 8 айда, көбінесе 1 жаста сөйлей бастайды, сөз қоры 2-15 сөзден тұрады.
Эмоционалдық дүниенің дамуы. 1 жас дағдарысы. Дағдарыстың мәні: баланың тікелей-эмоционалдық қарым-қатынастан жаңа жетекші іс-әрекетке - заттық-қарулық іс-әрекетке өтуі. Дағдарыстың көріністері: баланың теріс эмоционалдық реакциялары.
Физикалық дамудың негізгі жетістіктері:
1) заттық әрекет, яғни бала заттарды мағынасына сай пайдаланады;
2) тік жүру, өз бетіншелік артады және қолдары босайды.
Дамудың әлеуметтік жағдайы. Үлкендерге тәуелділік сақталады, олар балаға заттарды қолдану тәсілдерін ашады.
Осы жастағы жаңа құрылым. Сөйлеу. Көркем-әрекеттік ойлау. Сөйлеу- активті және пассивті. Активті сөйлеудің дамуы келесі заңдылыққа сүйенеді: 1,5 жасқа дейін тіл баяу дамиды. Бала 30-40- тан 100 сөзге дейін игереді. Оларды сирек пайдаланады. 1,5 жастан кейін бала бастамашыл бола бастайды. 2 жасқа келгенде оның сөз қоры 300 сөзге дейін ұлғаяды. 3 жасқа келгенде 300-ден 1,5 мың сөзге дейін ұлғаяды.