1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


Мұнай кен орындарының пайда болуының негізгі теориялары мен гипотезалары



бет16/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)

2.Мұнай кен орындарының пайда болуының негізгі теориялары мен гипотезалары
Алғаш рет мұнайдың органикалық шығу тегі туралы гипотезаны М.В. Ломоносов 1763ж айтқан. М.В. Ломоносовтың пікірінше, «мұнай тасты көмірлерге жер асты оттарының әсер етуінен» түзілді, нәтижесінде асфальттар, мұнайлар және «тасты майлар» пайда болды.
Кейіннен осы гипотезаны растайтын көптеген тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. 1932 жылы И.М. Губкин мұнайдың биогендік шығу тегі туралы теорияны толық баяндағандай болды. Мұнайдың түзілуі үшін бастапқы зат ретінде сапропелді қарастырды. Сапропель – бұл тікелей төмен сатылы балдырлар мен суаттар микроорганизмдерінің шіріген қалдықтарынан тұратын органикалық тұнбалар (қайырлар). Органикалық қалдықтарға бай жер қабатына сапропелді қабат шөккен сайын ондағы қысым мен температура артады. Термокаталитикалық процестер нәтижесінде органикалық зат мұнайға айналады.
Мұнайдың абиогенді шығу тегі туралы теорияны Д.И. Менделеев 1977ж айтты. Осы теория негізіне металдардың балқыған карбидтерінің сумен әрекеттесіп көмірсутектердің түзілу мүмкіндігі жатыр:
Өкінішке орай, бұл теория бір кен орнында мұнай құрамының алуан түрлі болуын, сондай-ақ мұнайды құрамында тірі организмдер қалдықтары бар шөгінді жыныстардар табатындығын түсіндіре алмады.
Д.И.Менделеевтің өзі мұнайдың терең флюидалардан, яғни жер тереңінде айналып жүретін газдармен қаныққан ерітіндінің немесе магманың сұйық және газ тәріздес компоненттерінен түзіледі деп болжаған болатын. Оның пікірінше, таудың түзілу процессінде су жер қабықтарын жарып жатқан сызаттардан төменге сіңіп, жер қойнауларында темір карбидтерімен кездеседі де, онымен жоғары температуралар мен қысымдардың әсерінен реакцияға түседі. Осы реакцияның нәтижесінде темір оксиді мен көмірсутегі түзіледі, мысалы этан. Дәл осы сызаттармен көмірсутегіне қаныққан флюидалар қабықтың жоғарғы қабатына көтеріліп, қатты жыныс-коллекторларды толтырады. Осылайша, мұнай мен газдың кен орындары пайда болады. 
Кейін геологтар кен орындарының терең сызаттары бар аймақтарда пайда болатынын анықтаған – бұл Менделеевтің гипотезасын дәлелдейді.
1763 жылы Ломоносов Жер қабаттары туралы еңбегін жариялады. Өз еңбегінде Ломоносов мұнай мен тас көмір бір және сол органикалық заттан түрлі жолдармен шығады деп болжам жасайды.Мұнайдың шығу туралы ертеректегі теорияларының бірінде бұл қара мұхит табанынан шөккен киттің зәрі сияқты және содан кейін жер асты каналдары арқылы жер қойнауына кіреді деп болжам жасалған.
XIX және XX ғасырдың басында ғалымдардың арасында мұнай тузетін шикізат ретінде не қолданылатындығы,өсімдік немесе жануарлар қалдықтары ма осы мәселе төңірегінде талас туды.
1888 жылы неміс химиктері Гефер және Эгклер балық майын 400 градус температура мен 1 МПа қысымда айдау нәтижесінде шектеулі с

пирттер,парафиндер және жоғары майлар алды. Осылайша әйгілі ғалымдардың зерттеу нәтижесінде мұнайдың шығу тегінің биогендік табиғаты дәлелденген еді.


1919 жылы Зелинский Балқаш көлінен батпақтар мен көлдердің түбіндегі өсімдіктер мен жануарлардың шіріп қалған қалдықтарының лай қабаты-сапропельді өңдеу жұмыстарын жүргізді. Академик Зелинский жануарлар мен өсімдік қалдықтарының құрамына кіретін пальмитин,стеарин және басқа да қышқылдардың жоғары емес температура (150-400 C) жағдайында ALCLкаталитикалық әсерін зерттеді. Нәтижесінде химиялық қасиеті және сыртқы түрі бойынша мұнайға ұқсас өнім алды. Профессор А.В. Фрост мұнай түзілу процесінде алюминий хлоридінің рөлін табиғатта кәдімгі саз,сазды әктастар және құрамында сазды минералдар болатын басқа да жыныстар атқаруы мүмкін екендігін дәлелдеді.
1866 жылы француз химигі М.Бертло мұнайдың жер қыртысында минералды заттардан түзілетіндігі туралы өзінің болжамын айтты.
1876 жылы 15 қазан Д.И. Менделеев баяндама жасады . Менделеевтің көзқарасы бойынша мұнай жер қойнауында металдар карбидтері (FeC,Cr2C3,WC) сумен әрекеттесуінің нәтижесінде түзіледі.
2FeC+3H2O=Fe2O3+C2H6
Мұнайдың минералды (абиогенді) шығу тегі туралы гипотезалардың барлығы көмірсутектерді мұнай құрамында оттек,күкірт және азот болатын компоненттерді бастапқы жай заттар С,H2,CO,CH4,H2O мен жоғары температурада радикалдардан және синтез өнімдерінің тереңде жатқан жыныстардың минералды бөліктерімен әрекеттескендігі туралы идеяны біріктіреді.
1892 жылы В.Д. Соколов мұнайдың бейорганикалық шығу тегінің «космостық» теориясын ұсынды. Осы гипотезаға сәйкес мұнай Жер мен Күн жүйесінің басқа да планеталары түзілу сатысында космостық материяның басқа түрлерімен Жерге түсуі мүмкін космостың біріншілік көмірсутектері-нен түзіледі. Бұған да негіз бар, өйткені кометалар көмірсутекті газдар мен көміртек атомының бар екендігі анықталған, ал сутегі болса космоста кең тараған.
1960 жылы Н.А. Кудрявцев мұнайдың шығу тегінің «магматикалық» гипотезасын ұсынды. Бұл гипотезаға сәйкес мұнай магмада азғана мөлшерде түзіледі, ал сосын кеуек құмдақты толтыра отырып сызаттар мен жыраттар арқылы жоғары көтеріледі. Бұл процестер қазір де жалғасуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет