1 Билет Нүктелердің өзара орналасуы. Бәсекелес нүктелер. Нүктелер проекцияларының көріну және көрінбеу шарттары


Көпжақтардың ерекше жағдай жазықтықтарымен қиылысуы



бет10/13
Дата23.05.2022
өлшемі1,19 Mb.
#144767
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
СЫЗУ ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

1.Көпжақтардың ерекше жағдай жазықтықтарымен қиылысуы
Көпжақ деп барлық жағынан жазық көпбұрыштармен шектелген геометриялық денені атайды. Көпжақты шектейтін жазық көпбұрыштар оның жақтары болса, жақтардың өзара қиылысу сызықтары - оның қабырғалары (қырлары) болып табылады. Қабырғалардың ұштары - көпжақтың төбелері деп аталады. Көпжақты көп қырлы беттен құралған дене деп қарауға болады. Инженерлік тәжірибеде жиі тараған көпжақтар болып пирамидалар мен призмалар келеді.
Кез келген көпжақтың жазықтықпен қиылысуынан алынатын жазық фигура көпбұрыш болады және оның қабырғаларының саны көпжақтың жазықтық қиятын жақтар санына сәйкес келеді. Көпжақтың қабырғаларының қиюшы жазықтықпен қиылысу нүктелері көпбұрыштың төбелері болып келсе, қиюшы жазықтық пен жақтардың қиылысуындағы түзу сызықтар бүйірі болып табылады.

23 Билет


1.Геометриялық денелердің түзу сызықпен қиылысуы
Жұмысты орындау берілген фронталь және горизанталь проекциясы бойынша геометриялық фигураның профиль проекциясын тұрғызу есебін шешуге алып келіп соғады. Проекцияларды фигураның өткін ойығы бар екендігіне байланысты қосымша сызықтармен толтыру керек.
Құрылымында әр түрлі геометриялық денелердің беттері өзара қиылысып орналасатын тетікбөлшектер техникада жиі кездеседі. Мұндай беттер өзара қиылысқан кезде қиылысу сызықтары /өту сызықтары/ пайда болады.Денелер бетінің қиылысу сызықтарын тұрғызу нүктелерді табудан басталады.Көмекші жазықтық ретінде берілген екі бетті қарапайым – түзу немесе шеңбер сызықтармен қиып өтетін жазықтықтарды таңдайды, сонымен бірге, шеңбер проекция жазықтығына параллель жазықтықтарда орналасуы керек.
Көпжақты беттердің өзара қиылысуы. Екі көпжақ қиылысқан кезде олардың қиылысу сызықтары сынық сызық болады. Мысалы, екі призманың қиылысуы. Вертикаль орналасқан параллелепипедтің барлық қырлары горизонталь орналасқан призманың жақтарын қиып өтеді. Призманың екі қыры параллелепидтің жақтарын қиып өтеді.

24 Билет


1.Айналу денелерінің ерекше жағдай жазықтықтарымен қиылысуы
Өстерінің ортақ нүктесі бар айналу беттердің өз ара қиылысуы. Өстері өз ара қиылысатын екі айналу беттің киылысу сызықтарын осы беттерді олардың өстерінің қиылысу нүктесінен жүргізілген біркатар көмекші сфералармең қию аркылы анықтауға болады. Жүргізілген сфера айналу беттердің екеуін де шеңбер бойынша қиып өтеді. Бұдан алынған қос шенбер өз ара қиылысады да, екі бетке бірдей ортақ нүктелерді береді. Бұл нүктелер осы беттердін қиылысу сызығының нүктелері болып табылады.
Бүл тәсіл тек мына жағдайларда ғана қолданылады: өз ара қиылысатын екі бет айналу беттер болуы тиіс, басқаша жағдайда беттердің сферамен киылысуынан шеңбер пайда болмайды.Беттердің өз ара қиылысуынан әр түрлі өлшемді екі эллипс пайда болады. Бұл эллипстердің фронталь проекциялары түзулер түрінде, ал горизонталь проекциялары - шеңбер түрінде кескінделген; эллипс бойынша қиылысады, бірақ эллипстердің горизонталь проекциялары бір-бірімен беттесіп жатпайды.Қисық беттер қиылысуының осы келтірілген ерекше жағдайларын қарастыра келіп, мынадай қорытынды жасауға болады:- егер екінші ретті екі бет үшінші бір екінші ретті бетке сырттай немесе іштей сызылған болса, онда олар өз ара екі тұйықталған жазық сызық бойынша қиылысады.

25 Билет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет