1-билет Қозғалыс жүйесін зерттеу әдістері. Зақымдану симптомдары


билет 1. Жоғарғы ми қызметтері. Бас миының төбе бөлігінің зақымдану симптомдары. Зерттеу әдістері



бет18/38
Дата10.11.2023
өлшемі10,97 Mb.
#190796
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
1-20 билет

билет

1. Жоғарғы ми қызметтері. Бас миының төбе бөлігінің зақымдану симптомдары. Зерттеу әдістері.
Гнозис және оның бұзылыстары
Гнозис (греч. Gnosis — білу, білім) — бұл заттарды сезім мүшелері арқылы қабылдап, тану. Оның бұзылысы– агнозия деп аталады. Көбінесе, екіншілік зоналар деңгейіндегі қандайда бір анализатордың зақымдалуы кезінде пайда болады.
Көру агнозиясы шүйде бөлігінің сыртқы аймақтары зақымдалған кезде пайда болады. Науқас заттарды танымайды, тек олардың кейбір қасиеттерін ғана көреді, соған байланысты сол зат туралы мағлумат жинайды. Жиі науқастар «білмеймін», «көрмеймін» деп жауап береді, бірақ заттарға соғылмай айналып өтеді.
Есту агнозиясы заттарды көрмеу, оларға тән дыбыстар арқылы заттарды ажырата алмау. Бұл кезде есте анализаторы зақымдалмаған. Есту агнозиясы доминатты жарты шардағы самай бөлігіндегі екіншілік зоналар зақымдалған кезде дамиды.
Сенситивті агнозия (астереогноз) – көзді жауып тұрып заттарды ұстау арқылы ажырата білу. Орталық артқы иірімнен кейнгі төбе бөлігіндегі екінші зона зақымдалған кезде пайда болады.
Иіс және дәм сезу агнозиясы сирек кездеседі жәнеде көбіне аносмиямен агевзиядан айыру өте қиын.
Праксис және оның бұзылыстары
Праксис ( греч. Praxis — қимыл) – жоспар бойынша рет-ретімен мақсатты қимыл қозғалыс. Идеаторлы апраксия жоспар жоқтығынан күрделі қимыл қозғалыстарды жасай алмау, бұл кезде қимылдардың реттілігі бұзылады (Мысалы, науқасқа темекіні тұтатып көрсетуді сұраған кезде, ол темекімен сіріңке қорабын тұтатады, сондан кейін сіріңкені алып аузына салады). Доминантты жарты шардағы (оңанақайларда сол жақ) төбе бөлігіндегі қыр үсті иірім ( gyrus supramarginalis) зақымдалған кезде дамиды және әрдайым екіжақты болады.
Конструктивті апраксия кезінде қимылдың бағыты бұзылады, науқастар бөліктерден бір бүтін нәрсе шығара алмайды. Мысалы: сіріңкелерден геометриялық фигураларды құрастыру (ромб, квадрат, үшбұрыш). Бұл кезде зақымдалу доминантты жарты шардың төбе бөлігінің бұрышты иірімінде (gyrus angularis) орналасады. Апраксиялық бұзылыстар әрдайым екіжақты. Моторлы апраксия бұл кезде қимылдың тек қана аяқасты еріксіз қозғалысы ғана емес, сонымен қоса бұйрықты орындаумен қайталауы бұзылады. Көбінесе біржақты (мысалы, сүйелді дене зақымдалған кезде тек қана сол жақ қолда)
Шүйде бөлік симптомдары
Жоғарыквадратты гомонимді контрлатеральды гемианопсия (тіл иірімі, ішкі бөлігі)
Төменгіквадратты гомонимді контролатеральды гемианопсия (клин)
Көру агнозия (сыртқы бөлімі)
Алексия (жазуды түсінбеу) шүйде және төбе бөлік шекарасында
Акалькулия (санаудың бұзылу)
Контралатеральды атаксия
Метаморфоксия (көрген заттарды бұрмалап қабылдау– микропсия, макропсия)
Шүйде бөлік тітіркену синдромы
Фотомдар – шүйде бөліктің ішкі беткейінің тітіркенуі
Кинофильмдер, мультиктер, кадрлар – шүйде бөліктің сыртқы беткейінің тітіркенуі кезінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет