Шынтақ нервінің төменгі бөлігінің компрессиялы-ишемиялық невропатиясы (білезіктің ульнарлық туннельдік синдромы, Гюйон синдромы)Нервтің бұршақ тәрізді сүйек, ілмек тәрізді сүйекгің ілмегі және алақандағы карпорадиалдық жалғама арқылы құрастырылған Гюйон арнасында қысылуы. Бұл синдромның қалыптасуына бұрауыштарды, қысқаштарды, тістеуіктерді пайдалану, қайталана беретін батыра қысу, таяқ пен балдақты пайдалану, V метакарпаралдық сүйектің сынуы, бұршақ тәрізді сүйек пен сүйектер арасы өзегіндегі тканьдердің теактивті-қабынып ісінуі, ревматоидтық артриттер немесеқол ұшындағы шынтақты бүгуші бұлшық еттің сүйекке бекитін түсында бұршақ тәрізді падагралық түйіншектер пайда болуы әсер етеді.
Аталмыш синдромның клиникасы сезімділік пен трофикалық бұзылыстар, сүйекаралық жөне құрт тәрізді бұлшық еттердің шынтақ жағында семуі мен әлсізденуі арқылы сипатталады. Компрессиялы-ишемиялық невропатияларды емдеу Жекелеген синдромдардың әрқайсысын емдеу олардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Емдік шаралардың негізгі мақсаты туннельдегі микрожарақаттық жағдайларды жою. Лангет салу (білезік өзегі сиңдромы), ортопедиялық аяқ киім немесе супинаторларды үйлестіре іріктеу (тарзалдық өзек синдромы, Мортон синдромы), нервтің микро жарақатгандыруын күшейтетін қимылдар мен кейіптерді болдырмау өте пайдалы. Рот ауруымен науқастанғандарға дене салмағын азайту ұсынылады. Ауырсыну синдромын бәсендетуге дегидратациялық ем, В тобындағы витаминдер, қайталанатын новокаиндық блокадалар, кортизонды, лидазаны туннельдік аймаққа жіберу арқылы қол жеткізуге болады. Кейбір жағдайларда миорелаксанттарды, антихолинэстераздық препараттарды, нейролептикатерді және иглорефлексотерапия сеанстарын тағайындау қажет болады. Гидрокортизон, лидазамен бірге димексид аппликациясы қолданылады. Фонофорезбен электрофорез жасау, су астында уқалау аса тиімді емдік шаралар қатарына жатады.
Туннельдік компрессиялы-ишемиялық невропатияларды емдеу шараларының ішіндегі ең тиімдісі — хирургиялық ем.
Апай жіберген кітапта жазылған ақпарат ( Қол басының алақанды бүгуі, саусақтарды келтіру мен ажыратуы шектелуі, негізгі фалангілерде және бүгуші ақырғы фалангілердің, әсіресе IV және V саусақтардың («тырнақты қол» позасы) жазғыш контрактурасы; қол басының сүйек аралық бұлшықетінің, құртәрізді бұлшықетінің, гипотенор бұлшықетінің атрофиясы; білек бұлшықеттерінің толық емес атрофиясы; ІІІсаусақтың ульнарлы беткейінің, IV жіне V саусақтардың сыртқы беткейінің, V саусақтың алақан беткейінің атрофиясы.)