1-билет Қозғалыс жүйесін зерттеу әдістері. Зақымдану симптомдары


Хорея– беттің, аяқ-қолдың, дененің бұлшықеттерінің әртүрлі 50 топтарының жылдам жиырылуы. Атетоз



бет23/38
Дата10.11.2023
өлшемі10,97 Mb.
#190796
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Байланысты:
1-20 билет

Хорея– беттің, аяқ-қолдың, дененің бұлшықеттерінің әртүрлі 50 топтарының жылдам жиырылуы.
Атетоз – аяқ-қолдың дистальдық бөлімдерінде немесе бет бұлшықеттерінде баяу, құрт тәрізді, сызылған қозғалыстар. Торсиондық дистония – дененің бұлшықеттерін қамтитын еріксіз қозғалыстар. Гемибаллизм – субталамустық ядроның қарама-қарсы жақта зақымдалуына байланысты, көбінесе қолды құс қанаты тәрізді серпу, лақтыру.




2.Рассеянный склероз. Этиология, патогенез, клиника, диагностика, принципы лечения и ведения пациентов на амбулаторном этапе.
(Шашыранды склероз. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, амбулаторлық жағдайда науқасты емдеу және жүргізу.)
Шашыранды склероз (ШС) – салдарлық иммунотапшылық фонында ми мен жұлынның ақ тінін көп ошақтанып зақымдайтын, нерв жүйесін үдемелі түрде миелинсіздендіретін, ауыр мүгедек ететін созылмалы ауру.
Жіктемесі

Процесстің орналасуына байланысты:
1. Церебральді.
2. Спинальді.
3. Цереброспинальді.

Аурудың ағымы бойынша:
1. Рецидивті-ремиссиялы формасы. Өршу кезеңдерінің аралығында ауру үдеп кетпейді.
2. Ілкі прогредиентті (үдемелі) формасы. Ауру басталысымен неврологиялық бұзылыстар тұрақты түрде үдей береді.
3. Салдарлық прогредиентті формасы. Неврологиялық бұзылыстар біртіндеп күшейе түседі.
4. Прогредиентті-рецидивті формасы. Əрбір өршуі ілкі үдемелі ағымға үстемелене береді.
Этиология, Патогенез 
ШС əмбебап патологиялық процесс іске қосылуы негізінде дамиды. Ол нерв жүйесі жасушаларында, иммунокомпетентті жасушаларда пайда болатын патохимиялық жəне иммунопатологиялық реакциялардың жиынтық əсерінен дамиды. ШС ауруында иммунологиялық реакциялар, басқа да аурулардағы секілді, аутоиммундық өзгеріске ұшырайды, демек:
- аутоантиденелер пайда болады;
- Т- лимфоциттердің функциялық кемістігі дамиды;
- комплемент белсенділігі мен антидене өндірілу арасындағы тепе-теңдік бұзылады;
- иммундық комплекстер пайда болады.

ШС ауруындағы патологиялық процесс аутоиммундық өзгерістермен байланысты екендігін, ауру өршіген кезде қан құрамында Т-супрессорлар саны жəне олардың белсенділігі кеміп кетуінен аңғаруға болады. ШС ауруы өршу сатысынан ремиссияға ауысқан кезде Т-супрессорлар саны қалыпты жағдайдағыдан керісінше асыңқырап кетеді, ал толық ремиссия сатысында бұл көрсеткіш қалыпты деңгей шамасына келеді.


Шағымдар мен анамнез:
- бір немесе екі көздің көруінің нашарлауы;
- бедеулік;
- бас айналу жəне жүрек айну;
- сөйлеудің бұзылуы;
- шаршағыштық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет