Физикалық тексеру:
- көру нервінің невриті;
- бір немесе бірнеше аяқ-қолдың спастикалық парезі;
- атактикалық жүріс;
- интенционды тремор;
- түрлі соматосенсорлық бұзылыстар;
- қуық жəне тік ішек дисфункциясы;
- психикалық бұзылыстар, мысалы дезориентация.
Негізгі диагностикалық шаралардың тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Несептің жалпы анализі.
3. Офтальмолог консультациясы (көру жітілігін анықтау, көздің түбін, көру аясын тексеру).
4. Магнит-резонанстық томография.
5. Қанның биохимиялық анализі.
Емдеу тактикасы
ШС ауруын емдеу шаралары негізгі 2 бағытта жүргізіледі − патогенездік жəне симптоматикалық бағытта.
Потогенездік ем иммундық жүйедегі белсенді жасушалар ми тінінің құрылымын бұзатын (деструкциялайтын) процесті тоқтатуға бағытталады.
иммунотропты препараттар.
Глюкокортикоидтар (метилпреднизолон) иммуносуппрессорлық əсер етеді.
Иммуномодуляторлар тобынан Тағайындауға ұсынылатын дозасы 0,25 мг
ШС ауруы өршіген науқастар жоғары дозада кортикостероидтар қабылдау керек.
Метилпреднизолон 1 г/тəу. венаға жіберіледі, 3-5 күннен кейін преднизолонды таблетка түрінде қабылдауға көшеді. Преднизолонды алғашқы апта бойы тəулігіне 1 мг/кг дене салмағына шақтап береді, кейінгі 1-2 апта ішінде дозаны тез азайта отырып дəрі ішуді мүлдем тоқтатады.
Ауыр жағдайларда плазмоферез жасауға болады. Оңалту мақсатында массаж, емдік денешынықтыру (ЕДШ) жасауға болады.
Симптоматикалық ем:
1. Науқастың жалпы жағдайын жеңілдетуге бағытталады. Қанның микроцеркуляциясын жақсарту үшін декстрандар тағайындалады –
2. бұлшықеттің спазмға бейімділігін емдеу керек, ол үшін баклофен тағайындалады (бастапқы дозасы 5 мг тəулігіне 2-3 рет., əдеттегі дозасы 20 мг/тəу.), немесе толперизон тəулігіне 50 мг-нан 150 мг-ға дейінгі шамада беріледі.
3. Кейбір науқастардың қуығына ауық-ауық катетер салуға, сонымен қатар асептик жəне антисептик ерітінділерімен қуығын шайып алып отыруға тура келеді. Несеп шығу жиілігін қадағалап отыру үшін 100-400 мкг десмопрессин ауыз арқылы немесе 10-40 мкг мұрын ішіне күніне бір рет беріледі. Кіші дəрет тоқтамайтын жағдайда тəулігіне 5 мг-нан 15 мг-ға дейінгі шамада оксибутинин беріледі.
4. Ішқатпа (үлкен дəрет жүрмей қалу) дамыған жағдайда ішайдатқы дəрілермен немесе тазартқы клизма жасау арқылы іш жүруін реттеу керек.
5. Тұнжырау (депрессия) байқалса антидепрессанттар тағайындау қажет.
Билет №14
1.Организация цикла сон-бодрствование. Классификация нарушений сна.
(Ұйқы-сергектік циклін ұйымдастыру. Ұйқы бұзылысының классификациясы.)
Ұйқы- сергектік циклын реттеуді қамтамасыз ететін синхрондау жүйесі ми бағанының каудальды бөлігі және гипоталамустың преоптикалық аймағы. Нейротрансмиттер-осы жолдардың негізгі жасушалық популяцияларындағы белсенділік сергектік деңгейін сақтайды, сонымен қатар гипоталамустың қарыншалық супраоптикалық ядроларының нейрондық белсенділігін ингибирлеу арқылы ұйқыны тежейді. Ұйқы сергектік циклы қарама-қарсы нейротрансмиттер жүйелері арасындағы тепе-теңдікпен анықталады. Ұйқы-промоторлық жүйелердің белсенділігін арттыру ұйқыны тудырады. Ояту-промоторлық жүйелердің белсенділігінің төмендеуі ұйқыны тудырады Сергектік нейротрансмиттері: норадреналин, серотонин, ацетилхолин, гистамин, орексин/гипокретин. Ұйқы нейротрансмиттері аденозин, ГАМК, галанин, мелатонин
Достарыңызбен бөлісу: |