Мозжечковая (парапирамидная) система. Методы исследования. Симптомы поражения
(Мишық (парапирамидті) жүйе. Зерттеу әдістері. Зақымдану симптомдары.)
Зерттелетін функция
Сипаттамасы
Бұлшықет тонусы
дәрігер науқастың қол- аяқтарын бүгіп, жазып бұлшық еттердің қарсыласуын анықтауға тырысады. Бұлшықет тонусын зерттеу кезінде буындардың "босаңсуы", тізе буынындағы аяқтың "шектен тыс жазылуы" анықталады
Науқасты көзін жұмдырып, Ромберг қалпында зерттеу (қарапайым, күрделенген) Атаксия – дене қозғалысы координациясының бұзылуы.
Динамикалық координация
Науқасқа көзін аштырып және жұмдырған қалыпта мұрын-саусақ және тізе-өкше сынамасын орындауын өтінеміз. Шильдер сынамасы, диадохокинезге сынамалар (Сырқат екі қолын алға созып, саусақтарының арасын кезекпе-кезек жылдамырақ темппен супинация және пронация қимылдарын жасайды) сырқат саусағын мұрнының ұшына дәл тигізе алмай, мишығының зақымданған жағына қарай ауытқып иегіне, ерніне т.б. тигізуі мүмкін немесе мұрнына қолы жетпейді, интенциялық тремор (қозғалыс кезінде пайда болатын және мақсатқа жақындағанда күшейетін ұсақ амплитудалық тремор), адиадохокинез байқалады
Сөйлеуді зерттеу
Сырқат бірнеше сөзді немесе сөз тіркестерін, атап айтқанда, қиын айтылатын күрделі сөздерді (қанағаттандыру, ұйымдастырылмағандықтан, қауіпсіздендіру т.с.с.) дәрігермен бірге қайталауға тиіс. Егер мишық зақымданған болса сөздер бұзылып, созылып, буын- буынға бөгелініп, іркіліп-іркіліп айтылады (Скандинирлеп сөйлеу)
Жазуды зерттеу
Жазу жазғызып тексеріп көреді. Мегалография – ірі, біркелкіемес жазу.
Нистагмді зерттеу
Дәрігер сырқаттьң көз алдына неврологиялық балғаны ұстап оңға, солға, жоғары, темен қозғап, көз алмасын осы бағыттарда; қимылдатуын өтінеді. Мишық зақымданғанда сырқаттың көз алмасы ырғақты түрде дірілдейді