2-билет
1.Сезімталдық жүйесін зерттеу әдістері. Сезімталдық жүйесінің зақымдану симптомдары.
2. Бет нервісінің невропатиясы. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, емі.
VII ЖҰП НЕРВІСІНІҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ КЕЗІНДЕ, МИМИКАЛЫҚ БҰЛШЫҚЕТТЕРДІҢ БІР ЖАҚТЫ САЛДАНУЫ.
Этиопатогенез:Соңғы онжылдықтағы Белл сал ауруының себептерінің бірі самай сүйек пирамидасының бет каналынан өтетін бет нервінің талшықтарының аймағындағы компрессиялық-ишемиялық өзгерістер теориясы болып табылады. Ауру бет нервінің перифериялық параличі түрінде жедел немесе жеделдеу түрде дамиды, қоздырғыш факторлар суық тию, эндо – және экзогендік интоксикация , артериалді гипертензия, қант диабеті, отиттер, паротиттер, көпір-мишық бұрышының ісіктері,кейде бас-ми жарақаттары,вирусты және т.б. инфекциялар болып табылады.
Клиникалық көріністері бет нервісінің зақымдалу ощағына байланысты
• Бет нервісінің ядросы зақымдалса : прозопоплегия зақымданған жақта болады.
• Көпір-мишық бұрышында ішкі есту тесігіне кіре берісінде түбіршелердің зақымдануы болса : прозопоплегия,есту қабілетінің төмендеуі, тілдің бұлшықет парезінің салдарынан науқас зақымдалған жақта қабағын көтере алмайды, көзі жұмылмайды,жұмұға тырысқанда көз алмасы жоғарыға қарайды бұл -Белл феномені деп аталады, қабақтары жабылмағаннан көз алмасында ақ жолақ көрініп тұрады бұл- лагофтальм деп аталады. тістерін ақситқанда ауыз қуысы сау жаққа қарай тартылады, сұйық тағам ішкенде ауызынан сыртқа ағып кетеді. алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезудің бұзылуы, көздің құрғауы.
• Нерв беттің каналында зақымдалса: прозопоплегия, көздің құрғауы, гиперакузия, дәм сезу мен сілекей бөлінуі бұзылады.
Емі:Дәрі-дәрмексіз емдеу:
ЛФК-бет бұлшықеттерінің гимнастикасы (айна алдындағы жаттығулар) - бірінші аптаның аяғынан бастап,
Бет бұлшық еттеріне массаж, лейкопластикалық тарту - екінші аптадан бастап.
Физиоемдеу (парафинді аппликациялар) – бірінші аптаның соңынан бастап Иглорефлексотерапия-екінші аптадан бастап.
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Ісіккеқарсы терапия: (глюкокротикоидтар, диуретиктер)
Микроциркуляцияны жақсарту (пентоксифиллин, эуфиллин, никотин
қышқыл, бенциклан)
Қабынуға қарсы теорапия-НПВС
"В" тобының витаминдері: тиамин бромиді, пиридоксин гидрохлориді,
цианокобаламин.
Стимилдеуші терапия-антихолинестеразды препараттар (аурудың өткір кезеңі аяқталғаннан кейін): ипидакрин, неостигмина метил сульфаты, галантамин.
Достарыңызбен бөлісу: |