Қазіргі заманғы реабилитацияның негізгі құралы –локомат болып табылады.Ол жүрісті имитирлейді.Компьютер көмегімен жүріс параметрлері (жылдамдық, қарсыласу) қойылғаннан соң, паретикалық шеткі мүшелердің біртіндеп қимыл қозғалысының дағдысын іске асырады.
Стабилометриялық платформа-Баланстерапия деп атаймыз.Науқастың тепе теңдік сезімділігін қалыптастырады.Бұл компьютерлік ойын болып табылады.Негізгі жұмыс істеу принципі, ауырлық орталығын бір аяқтан келесі бір аяққа ауыстыру арқылы жүргізіледі.
Кинезиотерапия- тірек- қимыл жүйесінің ауруларын емдеу үшін қолданылатын кең сұранысқа ие заманауи әдіс, еуропа елдерінде Neurac атымен кең қолданылады. Науқастың өзінің салмағын қолдану арқылы ерекшеленеді. Ем адам денсаулығына қауіпсіз.
Эрготерапия-Неврологияда орталық нерв жүйесінің ауруларын: инсульт, бассүйектің немесе мидың зақымдануын, поперечный паралич, шашыранды склерозды емдеу үшін қолданылады. Бұл аурулар күрделі симптоматикамен жүретін болғандықтан ем ұзаққа созылады және толық жазылу сирек болады.
Механотерапия- (греч. mechano — механизм + therapeia — ем) — емдік, профилактикалық, қайта қалпына келтіру жаттығуларының жиынтығы. Буындардың қозғалысын реттеу үшін, науқастың функциональді бейімділігін жоғарлату үшін арнайы құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.
Вертикализатор-Жедел қан айналысы бұзылысы дамуының алғашқы күнінен бастап науқасты вертикальды қалыпқа ауыстыру керек.Бұл үшін арнайы құрал-вертикализаторлар қажет.Бұл құрал науқасты фиксациялаған соң,гемодинамика көрсеткіштері және науқастың жағдайына қарап ,әртүрлі бұрышта горизонтальды қалыптан вертикальды қалыпқа ауыстырады.
Рефлексотерапия- организмнің биологиялық активті нүктелеріне әсер ету арқылы орындалатын әдістер кешені, нерв талшықтары орталықтанған жерлерге әсер ету. Бұл нүктелерді тітіркендіру арқылы организмді іс қимылға келтіреміз.. Орталық жүйке жүйесі патологияларында,омыртқа жотасы ауруларында және фунциялық бұзылыстарында әртүрлі рефлексотерапия әдістерін қолданамыз.
Жазу және Оқу реабилитациясы-.Жеке әріптерді,сөздерді,сөйлемдерді жазу.
2.Біреудің оқығанын жазу.
3.Оқыған мәтінді қайталап айтып беру.
4.Сюжетті картинканы әңгімелеу.
5.Сол қолмен жазуды уйрену (егер оң қолда қалпына келу процессі болмаса)