1 Пәннің академиялық сипаттамасы
«Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері»
курсын меңгеруі барысында
магистрант әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері бағыттары мен зерттеу
әдістерін саралап тани білуі, қазақ әдебиетінен тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық
және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курсты оқу барысында қалыптастыру
бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты
Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең
болып табылатын әдебиет тарихын дәуірлеу туралы әдебиеттану
ғылымындағы ғылыми
бағалаулардың жүйесін саралап таныту. Хронологиялық ұстанымды сақтай отырып,
әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары
негізінде магистранттарға
барынша толық, тиянақты білім беру.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері
-
Магистранттарды әдістеме саласындағы соңғы өзгерістермен таныстырып, оны тиімді
қолданудың жолдарын үйрету;
-
Магистранттарға Ежелгі дәуірден бері қарайғы әдебиеттің даму өрісін меңгерту;
-
Оқу-әдістемелік
құралдарды оқып-талдау, баға беру, тиімді
әдістемелік кешендерді
таңдай білу;
-
Әдебиет тарихын дәуірлеу туралы әдебиеттану ғылымындағы ғылыми бағалаулардың
жүйесін саралап тануды дамыту.
2. Білім алушылардың пәнді игеруді бастауы мен тәмамдауы бойынша даярлығына
(құзыреттіліктеріне) қойылатын талаптар (пререквизиттер мен постреквизиттер)
Оқытудың әдістері мен технологиялары-
1) магистрлерді оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол
магистрлердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;
2) біліктілікке бағытталған оқыту;
3) әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар
және оқу пікірталастары;
4) жобалар әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: