1. Биохимия ғылымына кіріспе және оның пайда болуы Биология сабақтарында кездесетін химиялық құбылыстар


Биология сабақтарында кездесетін химиялық құбылыстар



бет2/4
Дата19.10.2023
өлшемі90,3 Kb.
#186825
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Документ 25

2. Биология сабақтарында кездесетін химиялық құбылыстар
Биология және химия ғылымындары бір-бірімен тығыз байланысты. Күнделікті өмірде көзімізге көрінбейтін түрлі химиялық құбылыстар жүзеге асуы мүмкін. Олардың көмегімен ағзадағы белгілі бір циклды, сонымен қатар гомеостазды сақтай аламыз.

  • Оттек айналымы:

Оттегі айналымы - фотосинтез процесінен басталады. Бұл жер бетінде кездесетін ең маңызды биологиялық құбылыс. Өсімдіктер фотосинтез арқылы өсіп -өнуіне қажетті қоректік заттарды алады. Фотосинтез процесі барысында мына цикл жүзеге асады. Бұл цикл барысынан энергия тасымалдаушы жүйелердің тотығуын байқауға болады. Сонымен қатар, циклге күрделі химиялық қосылыстар қатысады.


  • Қышқылды жаңбыр:

Қышқыл жаңбыр - бұл әр түрлі газ қышқылдарының оксидтерін (NO) гидратациялауды қамтитын химиялық құбылысх, SO3, ClO2, CO2). Бұл газ тәрізді оксидтер бұлттағы су тамшыларымен әрекеттескенде олардың сәйкес оксо қышқылдарына (HNO) айналады3, H2БҚ4, HClO3, H2CO3), бұл жаңбырға төгіліп кетеді.
Қышқыл жаңбырлар HNO мөлшерінің көп болуымен сипатталады3 және H2БҚ4, су экожүйелеріне, дақылдарға, өзен суларын қышқылдандыруға және мәрмәр мүсіндерінің нашарлауына әсер етеді.
3. Ферменттер және олардың организмдегі рөлі
Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде əсер ететін белоктік табиғаты бар қосылыстарды айтады.
Əдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шапшаңдататын заттарды катализатор деп атайды. Ал ферменттер - өсімдіктер мен жануарлар жəне микроағзалар жасушаларынан бөлінетін белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакцияларды шапшаңдататын қабілеті бар зат. Оның қатысуынсыз қоректік заттардың ағзаға сіңуі мүмкін емес. Осыған сəйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды, өйткені, олар тірі ағзада өтетін зат алмасу процесіне тікелей атсалысады. Фермент (латынның тілінде fermentum – ашу деген мағына береді) деген терминмен қатар əдебиетте энзим (грек тілінде –enaym, en –ішкі, zyme ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады. Ферменттерді жəне олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады.
Ферменттер – ағзадағы химиялық реакциялардың жылдамдығын жүздеген жəне мыңдаған есе өзгерте алатын белокты заттар, атап айтқанда, жекелеген қосындылардың синтезі мен ыдырауын, зат алмасу процестерін жəне тағы сол сияқтыларды шапшаңдататын заттар.
Бір сөзбен айтқанда, ферменттер – биологиялық катализаторлар. Ферменттер тірі жасушада ғана емес, сонымен бірге жасушадан тыс ортада да өз күшін жоймай реакцияны тездетеді. Мұның үлкен практикалық маңызы бар. Олардың əрқайсысы заттардың белгілі бір түріне ғана əсер ете алады. Мəселен, сүт қантын ыдырататын фермент оған ұқсас қанттарға (мальтоза, сазароза) əсер етпейді. Ал кейбір ферменттер белоктарды, майларды, көмірсуларды құрам бөліктеріне ыдыратып қана қоймай, сол заттардың жасушада синтезделуіне қатысады. Мұндай күрделі қосындыларды синтездейтін ерекше ферменттер де аз емес. Ферменттік реакциялар бір-бірімен ұштасып, өзара байланысып жатады. Кейде топтасып қызмет атқарады.
Ферменттердің негізгі қасиеті – олардың активтілігі. Мыса лы, крахмал клейстерінің судағы ерітіндісіне, сутегінің пероксидіне жəне кəдімгі сүтке ферменттерді қоспасақ, біз крахмалдың қантқа айналғанын, сутегі пероксидінің ажырағанын жəне сүттің ұйығанын байқай алмаймыз. Ал крахмал ертіндісіне аз ғана мөлшерде амилаза ферментін қоссақ, оның аз уақыттың ішінде 55 глюкоза қантына айналғанын көреміз. Сол сияқты каталаза фер ментінің əсерінен сутегінің пероксиді ажырайды, ал мəйек ферменті қосылса, сүт тез арада ұйып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет